АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЗАҢ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ PHD, ДОЦЕНТІ Н.И. ХАЙРМУХАНМЕДОВТЫҢ ОНЛАЙН ДӘРІСТЕРІ

1 Мемлекет және құқық теориясы кіріспе. 

 

Мемлекет және құқық теориясының пәні, құрылымы, функциялары қарастырылады. Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясының әдісі, басқа ғылымдармен ара қатынасы, қазіргі заманғы заңгердің теориялық біліктілігі мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі түсіндіріледі.

 

2 Мемлекеттің пайда болуы.

Алғашқы қауымдық қоғамдық құрылысқа жалпы сипаттама, мемлекет ұғымы және тарихтағы алғашқы мемлекеттер, мемлекеттердің типтері талдау жасалады. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар, олардың арасындағы айырмашылықтар, артық тұстары мен кемшіліктері түсіндіріледі.

3 Мемлекет нысаны. 

Мемлекет нысаны, мемлекет нысанының құрылымы, басқару нысаны, республикалар мен монархиялардың түрлері, мемлекеттік құрылым нысаны, унитарлық мемлекеттер мен федеративтік мемлекеттер және саяси режимдер түсіндіріледі.

 

4 Саяси режимдер. 

Билік етудің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы ретінде саяси режимдер талдау жасалады. Демократиялық саяси режимдер, атап айтқанда либералдық, социалдық және консерваторлық демократиялар, антидемократиялық саяси режимдер салыстырмалы түрде талдау жасалып, ғылыми тұрғыдан түсіндіріледі.

Мемлекет механизмі.  

Мемлекет механизмі түсінігі, құрылымы қарастырылады. Мемлекеттік органдар жіктеліп, мемлекеттік органдар қызметінің қағидалары, мемлекет механизмінің өзге де белгілері түсіндіріледі.

 

6 Мемлекет функциялары. 

Мемлекет функциясы түсінігі, оның құрылымы, жіктелуі қарастырылған. Мемлекеттің ішкі функциялары, атап айтқанда экономикалық, әлеуметтік, құқық қорғау және қоршаған ортаны қорғау функциялары сипатталады. Сонымен қатар, мемлекеттің сыртқы функциялары, қорғаныс, дипломатиялық қатынастарды қамтамасыз ету және т.б. функциялар түсіндірілген.

 

7 Құқық туралы негізгі ілімдер. 

Құқық туралы әлемдегі басты ілімдер мектептер талдау жасалады. Ең басты құқықтық мектептер ретінде құқықтық позитивизм мен табиғи құқық ілімінің айырмашылықтары түсіндірілген. Сонымен қатар, құқықтық реализм, социологиялық құқық ілімі, марксисттік құқық ілімі және т.б. мектептердің негізгі идеялары талдау жасалған.

 

8 Құқықтық жүйелер. 

Әлемдегі басты құқық жүйелері немесе жанұялар талдау жасалады. Романо-германдық құқық жүйесі, англо-саксондық құқық жүйесі, мұсылмандық және социалистік құқық жүйелерінің ерекшеліктері, қарама-қайшы тұстары, тарихи қалыптасу негіздері талдау жасалған.

 

9 Құқық және тұлға.  

Тұлғаның құқықтық мәртебесі сипатталады. Құқық қабілеттілік, әрекет қабілеттілігі талдау жасалған. Адам құқықтары мен бостандықтарының генезисі, дамуы қарастырылған. Адам және азаматтың жеке, саяси, экономикалық және әлеуметтік, мәдени құқықтары мен мен бостандықтары жіктеле отырып, түсіндіріледі.

 

10 Құқықтық нормалар. 

Құқықтық норма ұғымына жалпы сипаттама берілген. Құқық нормасының элементтері – гипотеза, диспозиция және санкция талдау жасалып, мысалдармен түсіндірілген. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі, белгілері және сатысы талдау жасалып, сипатталған.

АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЗАҢ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ PHD, ДОЦЕНТІ Н.И. ХАЙРМУХАНМЕДОВТЫҢ ВИДЕО СЕМИНАР САБАҚТАРЫ

1    Мемлекеттің пайда болуы.

    Студенттер арасында алғашқы қауымдық қоғамдық құрылысқа жалпы сипаттама, мемлекет ұғымы және тарихтағы алғашқы мемлекеттер, мемлекеттердің типтері, мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар, олардың арасындағы айырмашылықтар, артық тұстары мен кемшіліктері бойынша блиц-сауалнама және пікірталас өткізілген.
 

2    Мемлекет нысаны.
    Студенттер арасында мемлекет нысаны, мемлекет нысанының құрылымы, басқару нысаны, республикалар мен монархиялардың түрлері, мемлекеттік құрылым нысаны, унитарлық мемлекеттер мен федеративтік мемлекеттер және саяси режимдер бойынша тест тапсырмалары орындалып, пікірталас өткізіледі. 
 

3    Саяси режимдер.
    Студенттер арасында билік етудің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы ретінде саяси режимдер талдау жасалады. Демократиялық саяси режимдер, атап айтқанда либералдық, социалдық және консерваторлық демократиялар, антидемократиялық саяси режимдер бойынша тест тапсырмалары және блиц-сауалнама өткізіледі.


4    Саяси режимдер.
    Студенттер арасында билік етудің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы ретінде саяси режимдер талдау жасалады. Демократиялық саяси режимдер, атап айтқанда либералдық, социалдық және консерваторлық демократиялар, антидемократиялық саяси режимдер бойынша пікірталас (дебат) өткізіледі.


5    Мемлекет механизмі.
    Студенттер арасында мемлекет механизмі түсінігі, құрылымы, мемлекеттік органдардың жіктелуі, мемлекеттік органдар қызметінің қағидалары, мемлекет механизмінің өзге де белгілері бойынша күрделі тест тапсырмалары орындалады.

 

6    Мемлекет функциялары.

    Студенттер арасында мемлекет функциясы түсінігі, оның құрылымы, жіктелуі, мемлекеттің ішкі функциялары, атап айтқанда экономикалық, әлеуметтік, құқық қорғау және қоршаған ортаны қорғау функциялары, сонымен қатар, мемлекеттің сыртқы функциялары, қорғаныс, дипломатиялық қатынастарды қамтамасыз ету және т.б. функциялар бойынша блиц-сауалнама және тест тапсырмалары орындалады.


7    Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет 
Студенттер арасынды азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қағидалары бойынша блиц сауалнама және пікірталас өткізілген.


8    Құқық туралы негізгі ілімдер.
    Студенттер арасында құқық туралы әлемдегі басты ілімдер мектептер талқыланған. Ең басты құқықтық мектептер ретінде құқықтық позитивизм мен табиғи құқық ілімінің айырмашылықтары бойынша пікірталас өткізілген. Сонымен қатар, құқықтық реализм, социологиялық құқық ілімі, марксисттік құқық ілімі және т.б. мектептердің негізгі идеялары бойынша блиц-сауалнама өткізілген.


9    Құқықтық жүйелер.
    Студенттер арасында әлемдегі басты құқық жүйелері немесе жанұялар талқыланады. Романо-германдық құқық жүйесі, англо-саксондық құқық жүйесі, мұсылмандық және социалистік құқық жүйелерінің ерекшеліктері, қарама-қайшы тұстары, тарихи қалыптасу негіздері бойынша пікірталас өткізілген.


10    Құқық және тұлға.
    Студенттер арасында тұлғаның құқықтық мәртебесі талқыланады. Құқық қабілеттілік, әрекет қабілеттілігі, адам құқықтары мен бостандықтарының генезисі, дамуы, адам және азаматтың жеке, саяси, экономикалық және әлеуметтік, мәдени құқықтары мен мен бостандықтары бойынша күрделі тест тапсырмалары орындалып, блиц-сауалнама жүргізіледі.

 

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС КОНТАКТІЛЕРІМІЗ

Қазақстан, Нур-Султан қ.,

Қабанбай батыр даң. 8

Телефон: +7 (7172) 24-04-03

info@aiu.kz

+7-(747)-675-87-86

РЕКВИЗИТ

ТОО Международный университет Астана

Счет KZ45914012203KZ009EG в ДБ АО "Сбербанк"

БИН 180440034965

БИК SABRKZKA

Кбе 17

Адрес: г. Нур-Султан,

проспект Кабанбай батыр №8

Президент: Ирсалиев Серик Азтаевич

ҚҰРАЛДАР

Әлеуметтік желілер

  • WhatsApp Image 2020-03-11 at 09.28
  • WhatsApp Image 2020-03-11 at 09.28.45