AIU

Жаратылыстану пәндері кафедрасы

Жаратылыстану пәндері кафедрасы

Жаратылыстану пәндері кафедрасы 2025 жылы Педагогикалық институт базасында құрылды. Бүгінде кафедра биология, география және химия пәндері бойынша білікті педагог кадрларды даярлайтын институттың жетекші құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.

Кафедрада 24 оқытушы қызмет атқарады, олардың қатарында 10 ғылым кандидаты, 4 философия докторы (PhD) және 10 магистр бар. Профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсіби деңгейі білім алушылардың сапалы даярлануына, олардың кәсіби құзыреттері мен зерттеушілік дағдыларының дамуына ықпал етеді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын белсенді жүргізіп, заманауи білім беру технологиялары мен оқытудың инновациялық әдістерін енгізуде.

Кафедрада келесі білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат және магистратура деңгейлерінде мамандар даярланады:

Бакалавриат:
• 6В01502 – Биология;
• 6В01504 – География;
• 6В01503 – Химия.

Магистратура:
• 7М01502 – Биология;
• 7М01504 – География;
• 7М01503 – Химия.

Кафедраның миссиясы – заманауи кәсіби біліммен, практикалық дағдылармен және педагогикалық құзыреттермен қаруланған, бәсекеге қабілетті әрі сұранысқа ие жоғары білікті педагог кадрларды, атап айтқанда биология, география және химия пәндерінің мұғалімдерін даярлау. Кафедра қазіргі білім беру жағдайында тиімді жұмыс істей алатын, оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданатын және қоғамның зияткерлік әлеуетін дамытуға үлес қосатын мамандарды қалыптастыруға бағытталған.

Кафедра білім беру ұйымдарымен, ғылыми мекемелермен және әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастықты қолдап, дамыта отырып, білім алушылар мен оқытушылардың кәсіби өсуіне қолайлы жағдай жасайды.

Кафедра түлектері білім беру ұйымдарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, мемлекеттік және жеке ұйымдарда табысты еңбек етіп, Қазақстан Республикасы білім беру және ғылым жүйесінің дамуына елеулі үлес қосуда.

AIU
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Докторантура
  • Білім алушыларға
  • Жоғары мектептер
  • Түлектерге
  • Қызметкерлерге
  • Қос дипломды бағдарламалар
  • Platonus

Кітапхана

  • Электрондық каталог
  • Scopus
  • РМЭБ
  • IPRSmart

Байланыс

Деректемелер

AIU University
AIU - Astana International University
header.nav.admissions
header.nav.college
header.nav.sdg
header.nav.brandbook
header.nav.platonus
AIU
header.nav.admissions
header.nav.college
header.nav.sdg
header.nav.brandbook
header.nav.platonus
  1. БАСТЫ БЕТ
  2. / ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ
  3. / КАФЕДРАЛАР