AIU

Қазақ және орыс филологиясы мен тарих кафедрасы

 Педагогикалық институттың «Қазақ, орыс филологиясы және тарихы» кафедрасы 2025 жылғы 21 қыркүйекте құрылды.

Кафедра екі деңгейдегі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайтын бітіруші болып табылады:

- бакалавриат: 6В01707/6И01708 Қазақ тілі және әдебиеті; 6В01702 Орыс тілі және әдебиеті, 6В01712 Орыс және орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі және әдебиеті (IP); 6В01601 Тарих, 6В01603 Тарих және қоғамтану (IP);

- магистратура: 7М01704 Орыс тілі мен әдебиеті, 7М01705 Қазақ тілі мен әдебиеті.

2025–2026 оқу жылында барлық білім беру бағдарламалары бойынша 516 бакалавр білім алуда, оның ішінде 4 шетелдік студент бар.

Кафедрада 30 оқытушы қызмет атқарады, олардың ішінде 3 профессор, 3 PhD докторы, 18 ғылым кандидаты (оның ішінде 1-еуі Ресей Федерациясынан), 6 білім магистрі бар. Оқытушылар құрамында Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі (Г.К. Қожағұлова), «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының 2 иегері (Б.А. Әбілова, Н.А. Шахметова), «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері (В.А. Шнайдер), Ы. Алтынсарин атындағы (Б.А. Атабай), А. Байтұрсынұлы атындағы (В.А. Шнайдер) төсбелгілердің иегерлері, «ҚР білім беру ісінің үздігі» (Р.З. Панзарбекова), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (А.Е. Туякова), «Қазақстан ғылымын дамытудағы жетістіктері үшін», «Til ashar zhanaashyry» медальдарының иегерлері және т.б. бар. Кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты (PhD), қауымдастырылған профессор Батжамал Айкенқызы Әбілова басқарады.

Кафедрада Астана қаласының мектептерімен (№17 мектеп-лицейі, Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL) серіктестікте дуальды оқыту жүзеге асырылады. Кафедра тәжірибе базасы болып табылатын 22 мектеппен ынтымақтастық орнатқан. №101 және №54 мектептер кафедра филиалдары болып табылады. Кафедра TIL-QAZYNA ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен, Астана қаласындағы Ресей үйімен, Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институтымен, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен тығыз байланыс орнатып,  қазіргі  жазушылармен, ғылым қайраткерлерімен кездесулер, мәдени-ағартушылық іс-шаралар, магистранттардың ғылыми тағылымдамалары, бірлескен жарияланымдар ұйымдастырып келеді. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын Астана қаласы аудандарының педагогикалық сыныптарында дәрістер оқиды, еліміздің өңірлеріне шығып, республикалық және қалалық олимпиадаларда қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысады, мектеп оқушыларына арналған факультативтік курстар өткізеді, оқушылардың ғылыми жобаларына сараптама жасайды.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты – пәнаралық зерттеулер аясындағы орыс және қазақ тілдері мен әдебиеттерінің теориясы мен әдістемесінің, сондай-ақ тарих ғылымының өзекті мәселелері.

Кафедра оқытушылары 2025–2026 жылдары: Scopus базасындағы басылымдарда – 8 мақала; КОКСОН тізіміндегі журналдарда – 12 мақала; басқа басылымдарда, оның ішінде ғылыми конференциялар мен семинар материалдарында – 63 жарияланым; 2 монография; 6 оқулық пен оқу құралы; «Қазақстандық және ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары материалдары негізіндегі саяси фразеологиялық лексиконның қысқаша сөздігі» еңбегін жарыққа шығарды.

Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді жүргізіледі. Студенттік командалар жыл сайын республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының «Шаңырақ» командасы қазақ емес тілде оқытылатын топтар арасындағы республикалық олимпиадада 2025 жылы II орын, 2026 жылы III орын иеленді (ғылыми жетекшісі – А.А. Сұлтанова). «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының командасы республикалық олимпиадада 2025 жылы III командалық орынға ие болды (ғылыми жетекшісі – Б.А. Әбілова), ал 2026 жылы да III командалық орынды иеленді (ғылыми жетекшісі – Б.Н. Жаныбекова). РЯЛ-24-1 тобының студенті Медина Рашева «Әлем тілдерінде Айтматовты оқимыз» халықаралық бейнероликтер байқауында II орын алды (ғылыми жетекшісі – қауымдастырылған профессор А.А. Шахин). «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері С.Г. Есен, А.Е. Туякова, Ж.Н. Нышанбайдың ғылыми жетекшілігімен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өткен «Қазақстан – менің Отаным» атты XI республикалық студенттік конференцияға қатысып, жүлделі орындарға ие болды: І орын – Аружан Күлжігітова; II орын – Юсуф Несіпбек, Жансая Ибрагим, Айбек Төлегенұлы, Шалқар Қисанов, Еркін Иманов; III орын – Мейіржан Қуандық, Сәуле Кенжебек (4 курс). «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері Есік қаласындағы ғылыми конференцияға, «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің серіктестігі» атты XII Азаматтық форумға, «Инновациялар мен технологиялар: елорда азаматтық секторының болашағы» атты Астана азаматтық секторы форумына және басқа да іс-шараларға қатысты. Кафедрада келесі ғылыми және әдеби үйірмелер жұмыс істейді: «Сырлы сөз» (жетекшісі – Г.К. Резуанова); «Тіл тарихы» (жетекшісі – В.А. Шнайдер); «RUSLIT» (жетекшісі – Б.А. Әбілова); «Поэзия бізді алысқа жетелейді...» әдеби қонақжайы (жетекшілері – Т.Д. Әбжақов, Р.И. Нарманова); «Мирас» (жетекшісі – Е.Ж. Жетібаев). Сонымен қатар кафедрада студенттік театр студиясы жұмыс істейді (жетекшісі – Б.А. Әбілова). Профессор Г.К. Қожағұлова YouTube арнасында «Тіл және білім» атты тұрақты айдарды жүргізеді.

 

 

Әлеуметтік желілердегі беттеріміз:

Instagram: 

https://www.instagram.com/qaz_til_adeb?igsh=MTN3NWtseWxxZTN3dA%3D%3D&utm_source=qr

https://www.instagram.com/history_aiu?igsh=aWtmMXdsb3Bobmpk

https://www.instagram.com/rl_astana_international_univer?igsh=MjV2MjM3aTIwamtz

AIU
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Докторантура
  • Білім алушыларға
  • Жоғары мектептер
  • Түлектерге
  • Қызметкерлерге
  • Қос дипломды бағдарламалар
  • Platonus

Кітапхана

  • Электрондық каталог
  • Scopus
  • РМЭБ
  • IPRSmart

Байланыс

Деректемелер

AIU University
AIU - Astana International University
header.nav.admissions
header.nav.college
header.nav.sdg
header.nav.brandbook
header.nav.platonus
AIU
header.nav.admissions
header.nav.college
header.nav.sdg
header.nav.brandbook
header.nav.platonus
  1. БАСТЫ БЕТ
  2. / ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ
  3. / КАФЕДРАЛАР