Педагогикалық институт студенттерінің жарыстарға қатысуы

2023 ж. 6 ақп., дс, 12:49

2023 жылдың 1 ақпанында Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық институтында доцент Т.Д. Абжаковтың жетекшілігімен екі «Бас жүлде» жеңіп алған «Биология» мамандығының 1 курс студенті Хуанбай Жұлдыз грамоталармен және бағалы сыйлықпен марапатталды:

- «Тәуелсіздік, биік болсын тұғырың!» ІІІ Республикалық  патриоттық байқауындағы «Көркем сөз» номинациясы үшін;

- «Жаңа Қазақстан, жаса Қазақстан!» Республикалық жас өнерпаздар арасындағы патриоттық байқауындағы «Мәнерлеп оқу шеберлігі» номинациясы үшін.

Басшылық атынан жеңімпазды және оның оқытушысын АХУ Педагогикалық институт директорының орынбасары Ахмадиева Жанна Қуанышқызы құттықтап, барлық қатысушы студенттерге ғылыми және шығармашылық бағыттағы түрлі конкурстарға белсенді қатысуға тілек білдірді.


1115