2023 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай Ахмет Байтұрсынұлы сайтымен таныстыру өтті, оған AIU оқытушылары да қатысты.

2023 ж. 6 ақп., дс, 13:04

2023 жылдың 2 ақпанында ҚР Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі, Тіл саясаты комитеті, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Ахмет Байтұрсынұлы» сайтының таныстырылымы мен ұлт ұстазының қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде тұңғыш рет жарық көрген таңдамалы шығармаларының, сондай-ақ ғылыми экспедицияның «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» атты қорытынды жинағының тұсаукесер рәсімі онлайн және офлайн форматта өтті. Бұл қызықты да танымдық шараға Халықаралық Астана университетінің оқытушылары да қатысты, олардың ішінде Ахмет Байтұрсынұлы таңдамалы шығармаларының орыс тіліндегі жинағын өндеген Педагогикалық институттың доценті Т.Д. Абжаков та бар.

Тұсаукесер рәсімі көпшіліктің ойынан шығып, қатысушылар ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын білдірді.


1050