AIU эколог-студенттері мен Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы "Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану" атты халықаралық ғылыми-экологиялық форумға қатысты

2022 ж. 14 қар., дс, 10:53

2022 жылғы 11 қарашада Астана Халықаралық университетінің эколог-студенттері мен Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы  "Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану" атты халықаралық ғылыми-экологиялық форумға қатысты. Форум қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі проблемалардың  талқылау және шешімдерін іздеу мақсатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және "Қазақстанның Экологиялық Қоры" қоғамдық қорымен ұйымдастырылды.

Декан Сейтқан Айнұр Сейтқанқызы "Темір диарсенидтердің термиялық беталысы" тақырыбында, доцент Сатыбалдиева Гүлмира Қалмашқызы "Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану"тақырыбында баяндама жасады. Конференция қорытындысы бойынша ҚР тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша ғылыми-практикалық ұсынымдар әзірленді, форумға қатысушылар конференцияның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.


1201