Высшая школа Искусств и дизайна

Құрметті талапкерлер! 
Өнер және мәдениет саласындағы болашақ бірегей мамандар, қош келдіңіздер!
Жоғары өнер мектебі "Астана" Халықаралық университетінің (AIU – Astana International University) жеті мектебінің бірі болып табылады. 2018 жылы университет алғашқы институционалдық аккредиттеуден сәтті өтті. Оқу орнымыз жаңадан ашылса да, жоғарғы өнер мектебінде Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер сала элитасы қызмет атқарады. Мұнда Қазыбек Әжібекұлы, Баярлин Азат Хамбетұлы, Қайрамбаев Жұмақын Қожақынұлы, Муллашев Камиль Валиахмедұлы сияқты тағы басқа көптеген  Қазақстан Республикасының атақты суретшілері мен еңбек сіңірген өнер қайраткерлері жұмыс істейді. Жоғары мектепте бакалавриат және магистратура бойынша "Дизайн"  білім беру бағдарламалары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады. Дизайн білім беру бағдарламасының магистратурасы екі бағытта жүзеге асырылады: ғылыми-педагогикалық (2 жыл) және бейіндік (1, 1,5 жыл). Бакалавриат студенттері үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік бар, онда ол шетелдік серіктес жоғары оқу орнында 1 семестр оқи алады. Ал магистранттар үшін серіктес жоғары оқу орнында өтетін міндетті 10 күндік шетелдік тағылымдама бар.

Біз мансап жолында кәсіби биіктерге жетуге қабілетті креативті және өршіл талапкерлерді күтеміз!

Құрметпен, Жоғары өнер мектебінің деканы,
Ибраев Саят Баймұратұлы

 

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС КОНТАКТІЛЕРІМІЗ

Қазақстан, Нур-Султан қ.,

Қабанбай батыр даң. 8

Телефон: +7 (7172) 24-04-03

info@aiu.kz

+7-(747)-675-87-86

РЕКВИЗИТ

ТОО Международный университет Астана

Счет KZ45914012203KZ009EG в ДБ АО "Сбербанк"

БИН 180440034965

БИК SABRKZKA

Кбе 17

Адрес: г. Нур-Султан,

проспект Кабанбай батыр №8

Президент: Ирсалиев Серик Азтаевич

ҚҰРАЛДАР

Әлеуметтік желілер

  • WhatsApp Image 2020-03-11 at 09.28
  • WhatsApp Image 2020-03-11 at 09.28.45