Жаңалықтар

...
Конституцияның 30 жылдығы – тарихи сабақтастық пен азаматтық жауапкершілік мерекесі
2025 ж. 27 қыр., сб, 08:10

Астана халықаралық университетінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті.

    Салтанатты шараға Астана халықаралық университетінің проректоры Абдрахманов Қайрат Амангелдіұлы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі “Қоғамдық келісім” Республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілі Нұрадинов Мейіржан Тұрланұлы және Астана халықаралық университеті Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Ыбырай Саят Баймұратұлы қатысты.

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция тәуелсіз Қазақстанның берік іргетасына айналды. Ол елдің саяси, құқықтық және әлеуметтік жаңғыруының негізгі бағытын айқындап, басты құндылықтарды бекітті, Атап айтсақ,

* адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау;

* теңдік пен әділеттілік;

* заң үстемдігі;

* бейбітшілік пен келісім.

Бұл қағидаттар заң баптарында ғана емес, қоғамның күнделікті өмірінде де айқын көрініс табуда.Сол тарихи жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл күнтізбелік сәйкестік емес, елдің болашағына жасалған тарихи таңдау болды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ өкілі Нұрадинов Мейіржан Тұрланұлы атап өткендей,

Қазіргі таңда Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілі тең құқықпен өмір сүріп, ортақ Отанымыздың дамуына өз үлесін қосуда.Конституция мен Ассамблеяның 30 жылдығы – азаматтық жауапкершілікті терең сезінуге, заңға құрметпен қарауға және туған елге адал қызмет етуге серпін беретін тарихи белес.

Іс-шара студенттердің шығармашылығына толы концерттік бағдарламаға ұласты. Бағдарлама аясында патриоттық рухтағы бейнероликтер, күй, би, поэзия және театрландырылған қойылымдар көрермен назарына ұсынылды.

Мереке соңында белсенді қатысушылар мен үздік орындаушылар марапатталды. Университет басшылығы осындай іс-шаралардың студенттердің патриоттық сезімін, мәдени-шығармашылық әлеуетін арттырудағы маңызын ерекше атап өтті.

...
Ядролық қарусыздану және халықаралық медиациялық хаб мәселелері бойынша сараптамалық кездесу
2025 ж. 25 қыр., бс, 11:29

  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025–2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бағдарламасы аясында 2025 жылғы 24 қыркүйекте ZOOM платформасында ядролық қарусыздану және қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу мәселелеріне арналған сараптамалық кездесу өтті.

  Кездесу AP26100031 «Халықаралық медиациялық хаб қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу және ядролық қарусыздану құралы ретінде: Қазақстан және шетел елдерінің тәжірибесі» атты ғылыми жоба шеңберінде ұйымдастырылды.

  Іс-шараны ғылыми жобаның жетекшісі, PhD Шолпан Саймова ашып, жаһандық қауіпсіздік саласында ұлттық және халықаралық зерттеу күн тәртібін дамыту маңызды екенін атап өтті.

  Жұмысты модератор ретінде аға ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының кандидаты Иржанов А.С. жүргізді. Ол өз баяндамасында Халықаралық медиациялық хаб тұжырымдамасын ұсынып, оны мемлекетаралық дауларды медиациялау және ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларды ілгерілету алаңы ретінде қарастырды. Сонымен қатар, оның ықтимал қызмет бағыттары, алдын ала құрылымы және жаһандық қауіпсіздік жүйесіндегі рөлі таныстырылды.

  Аға ғылыми қызметкер Болат А.А. ядролық қарусызданудың теориялық аспектілерін талдады. Тәуелсіз халықаралық сарапшы Тайнов А.З. және «Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы» ҮЕҰ директоры Ахметов А.Т. пікірталасқа қатысып, жобаның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

  Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар Халықаралық медиациялық хаб құру бастамасы сенімді нығайтуға, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудің тетіктерін дамытуға және ядролық қарусыздануды ілгерілетуге бағытталған жаһандық күн тәртібіне толық сәйкес келетініне назар аударды. Бұл ретте Қазақстан дәстүрлі түрде белсенді ұстанымға ие.

Осы тақырып бойынша ұсыныстарыңыз болса және сараптамалық талқылауға қатысқыңыз келсе, оларды sultan.panov.04@gmail.com электрондық поштасына жолдай аласыз.

...
AIU және Познань жаратылыстану ғылымдары университеті: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
2025 ж. 25 қыр., бс, 10:37

2025 жылғы 23 қыркүйекте Жаратылыстану жоғары мектебінде, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің қатысуымен, Познань Жаратылыстану университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Экологиялық және механикалық инженерия факультетінің деканы Клаудия Боровяк пен декан орынбасары   Рафал Стасик қатысты.

Кездесу барысында оқу орындары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Келіссөздердің нәтижесінде мынадай уағдаластықтарға қол жеткізілді: 

·        студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық алмасуын ұйымдастыру;

·        қос дипломды алу мүмкіндігімен бірлескен магистратура бағдарламасын әзірлеу;

·        халықаралық Эразмус+ бағдарламасына қатысу;

·        бірлескен ғылыми іс-шараларды, соның ішінде семинарлар мен конференцияларды өткізу.

Тараптар әріптестік қарым-қатынасты кеңейтуге өзара қызығушылық танытып, білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

 

...
«Астана» халықаралық университеті мен Қытай делегациясының кездесуі: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
2025 ж. 25 қыр., бс, 06:00

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту аясында Астана халықаралық университеті (AIU) Қытай Халық Республикасының Білім министрлігінің делегациясымен ресми кездесу өткізді. Кездесуге Шетелде оқыту орталығы директор орынбасары Ся Цзяньхуэй, кіріс бағдарламалар департаментінің директоры Ма Юнь және Шетелде оқыту орталығының жобалар жетекшісі Ван Шань қатысты.

  Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары және AIU -дың халықаралық бастамаларға қатысуын талқылады. Ерекше назар келесі бағыттарға атап айтсақ,

·         дипломдарды халықаралық деңгейде мойындау;

·         қос дипломды бірлескен бағдарламаларды іске қосу;

·         студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту;

·         қытай компанияларының қатысуымен жұмыс жәрмеңкелерін ұйымдастыру;

·         білім беру модельдерін жүзеге асыру тәжірибесімен алмасуға (foundation бағдарламаларын қоса алғанда) назар аударылды.

Астана халықаралық университетінің Президенті мұндай кездесулер жай ғана ресми сапарлар емес, жаһандық білім беру кеңістігін құруға бағытталған нақты қадамдар екенін атап өтті.

«Қытайдың жетекші университеттерімен және ұйымдарымен серіктестікті дамыту – біздің студенттерімізге Қазақстанда да, шет елдерде де жаңа академиялық және мансаптық мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз», – деді ол.

   Қытайда білім алатын шетелдік студенттерге көрсетілетін қолдау туралы жан-жақты баяндалды. Бейімдеу бағдарламаларынан бастап тілдік курстарға және халықаралық жұмыс жәрмеңкелеріне қатысу, сонымен қатар, шетелдік студенттердің қытай компанияларының халықаралық филиалдарында жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін жаңа мансаптық бастамалар ұсынылды.

   Ерекше қызығушылық тудырған бағыттардың бірі – икемді оқыту модельдерін ұйымдастыру тәжірибесі болды. 2+2 моделі бойынша (екі жыл Қазақстанда, екі жыл Қытайда), қос диплом алуға мүмкіндігі бар.Бұл халықаралық сертификаттауға және жоғары бәсекеге қабілетті мамандық алуға тікелей жол ашады.

   Айта кету керек, тараптар болашақ әріптестіктің негізін құрайтын басты идеялармен келісті. Академиялық алмасу, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосу, дипломдарды халықаралық деңгейде тану және студенттердің кәсіби даму мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері басты назарда болды.

 

...
AIU-де дәстүрлі «Welcome Party – 2025» өтті
2025 ж. 24 қыр., ср, 03:00

Астана халықаралық университетінде дәстүрлі «Welcome Party – 2025» мерекелік кеші өтті. Шара барысында бірінші курс студенттері университеттің үлкен отбасына ресми түрде қосылды. Мереке жаңа оқу жылының символдық бастамасы айналды. Бірінші курс студенттерін AIU академиялық отбасына біріктірді.

Кеш шымылдығы «AMANAT» ансамблінің орындауындағы қазақтың әйгілі «Адай» күйімен ашылды. Кеш бағдарламасы түрлі ойындар, би жарыстары және заманауи TikTok трендтерімен жалғасты.

Жүргізушілер университеттің өткен оқу жылындағы жетістіктерімен де бөлісті. 2024–2025 оқу жылында AIU-де:

  • 27 студенттік ұйым;
  • 100-ден астам іс-шара;
  • 9 семинар;
  • 19 қайырымдылық акциясы жүзеге асты.

Бұл көрсеткіштер университеттің студенттердің тек академиялық білімін ғана емес, олардың шығармашылық және әлеуметтік әлеуетін дамытуға да ерекше көңіл бөлетінін көрсетті.

«Welcome Party – 2025» жаңа оқу жылының басталуын айшықтап қана қоймай, студенттердің достық қарым-қатынас орнатуына, университет өміріне тез бейімделуіне ықпал етті. Кеш соңында белсенді студенттерге алғыс айтылып, университеттің дамуына қосқан үлестері атап өтілді.

...
Экономика жоғары мектебіндегі туризм апталығы
2025 ж. 22 қыр., дс, 12:21

Дүниежүзілік туризм күні 1979 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымның (UNWTO) Басассамблеясымен Испанияның Торремолинос қаласында бекітіліпжыл сайын 27 қыркүйектеаталып өтедіБұл күн кездейсоқ таңдалған жоқөйткені 1970 жылғы 27 қыркүйекте UNWTO Жарғысы қабылданыптуризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықтыинституционалдандырудың маңызды кезеңі болдыДүниежүзілік туризм күнінің мақсаты – туризмнің мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесі туралыхабардарлықты арттырумәдениетаралық диалогты нығайту және тұрақты туризм қағидаттарынілгерілету.

Қазіргі таңда туризм тек қана бос уақытты өткізу нысаны ретінде емессонымен қатарэкономиканы әртараптандырудыңжұмыс орындарын құрудың және аймақтық инфрақұрылымдыдамытудың маңызды факторы ретінде қарастырыладыҚазақстан халқына ЖолдауындаҚасым-Жомарт Тоқаев туристік индустрияны дамытудың басым бағыттарын айқындадыИнфрақұрылымды кешенді дамыту өңірлердің әкімдіктеріне жүктелсеорталық деңгейдехалықаралық туристерді тартуға және заңнамалық базаны жетілдіруге басымдық беріледіТуризмсаласындағы мемлекеттік саясат елдің инвестициялық тартымдылығын арттырудың ұзақ мерзімдіқұралы ретінде қарастырылады.

Қазақстан бәсекеге қабілетті туристік өнім қалыптастыруға зор әлеуетке иеНегізгіфакторлардың қатарында – бірегей табиғи алуан түрлілікҰлы Жібек жолының мәдени жәнетарихи мұрасыішкі және кірме туризмнің заманауи кластерлерінің дамуы бар.

Дүниежүзілік туризм күні аясында Экономика жоғары мектебі қонақ дәрісітуристіккөрмеге қатысувикторина, «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша үздік бейнероликконкурсы және тағы басқа іс-шараларға шақырады.

Туризм апталығының бағдарламасымен сілтеме арқылы танысуға болады: БағдарламаБағдарлама

...
AIU студенттері «World Cleanup Day» Жаһандық экологиялық акциясына қатысты
2025 ж. 22 қыр., дс, 09:31

20 қыркүйекте Қазақстан World Cleanup Day жаһандық акциясына төртінші рет қосылды. Ауқымды сенбілік еліміздің барлық өңірлерді қамтиды.

Акцияға қатысушылардың қатарында экологиялық бағыттарда білім алып жүрген Астана Халықаралық университетінің (AIU) студенттері бар. PhD, эколог, оқытушы Айман Карабалаеваның жетекшілігімен олар аумақты тазалау мен қоқысты сұрыптауға белсенді түрде атсалысты.

«Біз сенбіліктер мен орман отырғызу сияқты экологиялық іс-шараларға жиі қатысамыз. Бүгін біз студенттермен бірге қоршаған ортаны жақсартуға өз үлесімізді қосуға келдік. Студенттер табиғатты қорғауға өз үлестерін қосып, қоршаған ортаны аялаудың маңыздылығын барлығына еске салу үшін келді», - деп атап өтті Айман Қарабалаева.

Сонымен қатар, Астана Халықаралық университеті атынан іс-шараға қатысқан Қыдырова Айдана Саламатқызы — 321start жобасының кураторы және ұйымдастырушысы. Бүгінде экосенбілік барысында 187 кг пластик жинап, қайта өңдеуге жіберілді.

AIU студенттерінің World Cleanup Day-ге қатысуы маңызды экологиялық үлес қана емес, сонымен қатар жастардың болашақ алдындағы жауапкершілігін сезінуінің айқын мысалы болды.

 

...
AIU әскери және арнайы оқу орындарында ғылымның сапасын арттыруды талқылады
2025 ж. 17 қыр., ср, 12:00

2025 жылғы  17 қыркүйекте  Астана Халықаралық университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің қатысуымен, «Әскери, арнайы оқу орындарының мәселелері: диссертациялық кеңестер және ғылыми журналдар» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — әскери және арнайы оқу орындарындағы диссертациялық кеңестердің қызметін жетілдіру және ғылыми журналдардың сапасын арттыру жолдарын талқылау. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми кеңес мүшелері, бас редакторлар мен ғалымдар қатысты.

Астана Халықаралық университетінің Президенті іс -шараны ашып, диссертациялық кеңестердің рөлі мен олардың ғылымдағы маңыздылығын атап өтті.

Шара барысында қатысушылар диссертациялық кеңестердің жұмысын жетілдіру тетіктері мен ғылыми журналдардың сапасын арттырудың өзекті бағыттарын талқылады. Сонымен қатар, әскери және арнайы оқу орындарының ғылыми әлеуетін көтеру жолдары да қарастырылды.  Сондай-ақ ғылыми ортада сапалы зерттеулердің жариялануын қамтамасыз ету, ғылыми кадрларды даярлаудағы диссертациялық кеңестердің рөлі, және академиялық адалдықты сақтау мәселелеріне ерекше тоқталды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленіп, алдағы уақытта оларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілмек.

...
AIU студенттері «Азамат» интеллектуалды бағдарламасына қатысты
2025 ж. 16 қыр., сс, 10:37

Астана Халықаралық университетінің студенттері «Азамат» интеллектуалды бағдарламасына қатысты. Хабар арнасының «Азамат» интеллектуалды бағдарламасының кезекті шығарылымында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Бағдарлама қазылар алқасы құрамында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин және «Qazaq Debate» қозғалысының құрылтайшысы Ерболат Мұхамеджан қатысты.

Интеллектуалды алаңда Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі саналатын аграрлық секторға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілгенімен, әлі де шешуді қажет ететін өзекті мәселелер бар екені айтылды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері мен Астана халықаралық университетінің студенттері ауыл шаруашылығының азық-түлік қауіпсіздігін, ел тұрақтылығы үшін маңызын  және агроинфрақұрылым мәселесіне назар аудару қажет екендігін атап өтті.

Тапсырма барысында Астана халықаралық университетінің студенттері агроинфрақұрылым мәселесіне назар аударды. Олардың айтуынша, еліміздегі көкөніс қоймаларының 60%-ында тоңазытқыш қондырғылары жоқ, ал 30%-ы 20 жылдан бері пайдаланылады. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің 35–40%-ы ысырап болуда. Бұл проблеманы шешу үшін олар трансшекаралық және аймақтық қоймалар жүйесін құруды, логистиканы цифрландыруды – смарт-логистика, блокчейн арқылы автоматтандыру және онлайн-платформаларды енгізуді ұсынған еді.

...
ҚР Мәжіліс депутаты Ажар Бақытқызы Сагындыкова AIU университетінде қонақ дәрісін өткізді
2025 ж. 15 қыр., дс, 11:03


2025 жылдың 15 қыркүйегінде Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық институты ұжымы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ажар Бахитқызы Сагындыкованың қонақ дәрісін ұйымдастырды. Дәріс тақырыбы: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау: “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары”» болды.

Модератор ретінде студенттермен кездесуді Халықаралық ынтымақтастық және студенттік істер жөніндегі вице-президент Қайрат Амангелдіұлы Абдрахманов жүргізді.

. Әңгіме барысында экология мәселелері, жасанды интеллектті қоғамды дамыту құралы ретінде қолдану, нөлдік төзімділік қағидаты, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері қозғалды.

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, келесі тақырыптарға қызығушылық танытты:

·                      саясаттағы әйелдер кездесетін қиындықтар;

·                      жастарды жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған Парламент бастамалары;

·                      болашақ мұғалімдер ретінде оқушыларға осындай мемлекеттік бастамалар мен Жолдаудың негізгі ойларын жеткізудің маңызы.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттерге үлкен әсер қалдырды. Жастардың елдің стратегиялық дамуы мәселелерін талқылауға белсенді қатысуының маңыздылығы тағы бір рет айқын көрсетілді.

 

...
Астана халықаралық университетінде ғарышкер-сынақшы Мұхтар Аймахановпен кездесу
2025 ж. 15 қыр., дс, 09:29

Астана халықаралық университетінде белгілі ғарышкер-сынақшы Мұхтар Рабатұлы Аймахановпен кездесу өтті. Кездесу жылы ниетте бастау алды. Сонымен қатар кездесу барысында ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттары, сондай-ақ ғарыш саласына жоғары білікті мамандар даярлау мәселелері талқыланды.

Байқоңырдың бай мұрасына ие Қазақстан бүгінде өз ғарыштық технологияларын дамытып, стартаптарды қолдап, халықаралық ынтымақтастықты нығайтып келеді.Бұл тұрғыда практикикалық тұрғыда және ғылыми бастамаларды жүзеге асыру ерекше маңызға ие.

М.Р.Аймаханов Қазақстанның ғарыштық технологиялар саласындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қабілетті инновациялық экожүйені қалыптастырудың негізгі шарты болып табылатын жас зерттеушілерді ғылыми-зерттеу қызметіне ертерек тарту қажеттігін атап өтті.

 Кездесуде Астана халықаралық университетінің Халықаралық ғарыш станциясындағы (ХҒС) ғылыми-технологиялық эксперименттер бағдарламасына қатысу перспективаларына ерекше назар аударылды. Екі тарап микрогравитация жағдайында келесі іргелі және қолданбалы мәселелер мен салаларды шешуде бір мәмлеге келді. Атап айтсақ,

- Жерден ХҒС-қа электр энергиясын беру және оны жаңа буынның жоғары тығыздықты батареяларында жинақтау технологиясын әзірлеу.

- Бірегей қасиеттері бар материалдарды жасау үшін микрогравитация жағдайында аса үлкен монокристалды графен парақтарының синтезін зерттеу.

- ғарыш аппараттарының құрылымдарындағы микро және наноақауларды анықтауға арналған акустикалық құрылғыны құру.

- герметикалық ХҒС модульдеріндегі ауаның шығуын анықтау және локализациялау жүйелерін әзірлеу.

- бригадалардың автономиясын арттыру үшін кеңістікте өсімдіктерді өсіру үшін диатомит субстраттарын пайдалану.

  Бұл жобаларды жүзеге асыру ғылым үшін де, жер бетіндегі әртүрлі салаларда практикалық қолдану үшін де стратегиялық маңызға ие. Олар халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал етіп, ғарышты игерудің жаңа көкжиектерін ашады.

Сөз соңында Университет Президенті Серік Азтайұлы  алғысын білдіріп, мұндай кездесулер ғылымның жаңа бағыттарына қызығушылық арттырып, университеттің дамуына тың серпін беретінін атап өтті.