ТОМСК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ Э.Ғ.Д., ПРОФЕССОРЫ И.В. КРАКОВЕЦКАЯДАН «АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУДАҒЫ ТРЕНДТЕР ЖӘНЕ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР» АТТЫ ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ









2026 жылдың 24 сәуірінде «AIU – 2026: Жасанды интеллект және цифрлық
трансформация – жастар ғылымының даму векторы» халықаралық конференциясы
аясында Томск Мемлекеттік Университетінің экономика ғылымдарының докторы,
профессоры Инна Валентиновна Краковецкаяның шеберлік сыныбы өтті.
Шақырылған сарапшы ретінде Инна Валентиновна «Адами ресурстарды
басқарудағы трендтер және үздік тәжірибелер» тақырыбын ұсынды. Шеберлік
сыныбында цифрлық трансформация мен жасанды интеллектінің әсерінен персоналды
басқару саласында болып жатқан негізгі өзгерістер қаралды. Заманауи
технологияларды қолдана отырып, рекрутинг, таланттарды дамыту және тиімділікті
басқару саласындағы озық тәжірибелерді енгізуге ерекше назар аударылды. HR-
стратегияларды еңбек нарығының жаңа жағдайларына бейімдеу және инновациялар
мен тұрақты дамуға ықпал ететін корпоративтік мәдениетті қалыптастыру мәселелері
де талқыланды. Тақырып оқытушылар, докторанттар және магистранттардан тұратын
аудиторияның зор қызығушылығын тудырды. Баяндамадан кейін HR-менеджменттегі
заманауи тәсілдер белсенді талқыланып, қатысушылар көптеген сұрақтар қойып, қызу
пікірталасқа ұласты.
Астана Халықаралық Университеті Томск Мемлекеттік Университетінің э.ғ.д.,
профессоры И.В. Краковецкаяға ПОҚ, докторанттар мен магистранттарға арналған
ақпараттық және пайдалы шеберлік сыныбы үшін алғыс білдіреді.
Бөлісу:
Фотогалерея





