МЕЖДУНАРОДНАЯ НАУЧНАЯ СТАЖИРОВКА ДОКТОРАНТА ВЫСШЕЙ ШКОЛЫ ЭКОНОМИКИ В КЫРГЫЗСКОМ ЭКОНОМИЧЕСКОМ УНИВЕРСИТЕТЕ ИМЕНИ М. РЫСКУЛБЕКОВА






Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бағдарламасын іске асыру және
халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту аясында Астана халықаралық
университетінің 8D04103 – «Білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасының 2-
курс докторанты Нұрланов Шыңғыс Нұрланұлы М. Рысқұлбеков атындағы Қырғыз
экономикалық университетінде (Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы) ғылыми
тағылымдамадан өтуде.
Ғылыми тағылымдама 2026 жылғы 20 мамыр мен 18 маусым аралығында өтуде
және зерттеушілік құзыреттерді дамытуға, ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-
ақ докторлық диссертация бойынша зерттеу жұмыстарын жетілдіруге бағытталған.
Тағылымдама барысында докторант университеттің ғылыми-зерттеу қызметімен, білім
беру үдерісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерімен және кітапхана қорының
мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, қабылдаушы
университеттің жетекші ғалымдарынан ғылыми кеңес алып, бірлескен зерттеу
жұмыстарын жүргізуде.
Шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу, білім беру менеджменті саласындағы
үздік тәжірибелерді зерделеу және халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейту ерекше
маңызға ие. Осындай тағылымдамалар докторлық зерттеулердің сапасын арттыруға,
академиялық ұтқырлықты дамытуға және жас ғалымдардың халықаралық ғылыми
қауымдастыққа кірігуіне ықпал етеді.
Поделиться:
Фотогалерея




