Ибраева Назгүл Арманқызы докторлық диссертациясын сәтті қорғады









2026 жылғы 8 маусымда Астана халықаралық университеті жанындағы 8D042 – Құқық даярлау бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте Ибраева Назгүл Арманқызының 8D04201 – Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған докторлық диссертациясы сәтті қорғалды.
Диссертациялық зерттеу тақырыбы: «Қазақстан Республикасының сайлау жүйелерін жетілдірудің конституциялық-құқықтық аспектілері: салыстырмалы талдау аясындағы теория және практика мәселелері».
Диссертациялық жұмыс Астана халықаралық университетінің Құқық жоғары мектебінің базасында орындалды және Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамыту мен жетілдірудің өзекті мәселелерін зерттеуге, сайлау қатынастарын конституциялық-құқықтық реттеудің заманауи үрдістерін талдауға, сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен ұлттық құқықтық даму ерекшеліктерін ескере отырып, сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеуге арналған.
Докторанттың ғылыми консультанттары – Астана халықаралық университеті Құқық жоғары мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Амандыкова Сауле Кошкеновна және Варшава университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Яцек Залесны (Польша Республикасы).
Диссертацияны қорғау заң ғылымдарының докторы, профессор Нурмагамбетов Аманжол Магзумовичтіңтөрағалығымен өтті. Диссертациялық кеңестің жұмысына кеңес төрағасының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Ахпанов Арстан Нокешевич, Диссертациялық кеңестің ғалыми хатшысының міндетін атқарушы Сәулен Нұржан, сондай-ақ Диссертациялық кеңестің мүшесі, PhD, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Саймова Шолпан Алтынбековнақатысты.
Диссертациялық зерттеуді қарауға Диссертациялық кеңестің сыртқы мүшелері ретінде Ресей халықтар достығы университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Людмила Александровна Букалерова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Баймаханова Дина Муратовнажәне ҚР Парламентаризм институтының Ғылыми зерттеулер орталығының басшысы, PhD докторы Сәулен Нұржан қатысты.
Диссертациялық зерттеудің ресми рецензенттері ретінде Пятигорск мемлекеттік университеті жанындағы Солтүстік Кавказ саяси-құқықтық проблемаларды зерттеу орталығының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Тхабисимова Людмила Аслановна және Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Алибаева Гульнар Айтчановна сөз сөйледі. Өз пікірлерінде рецензенттер зерттеу жұмысының жоғары ғылыми деңгейін, өзектілігін, теориялық маңыздылығы мен практикалық құндылығын ерекше атап өтті.
Ашық талқылау мен жасырын дауыс беру нәтижелері бойынша Диссертациялық кеңес Ибраева Назгуль Армановнаға 8D04201 – Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бірауыздан шешім қабылдады.
Астана халықаралық университетінің Құқық жоғары мектебі Ибраева Назгүл Арманқызын докторлық диссертациясын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтайды және ғылыми қызметінде жаңа жетістіктерге, кәсіби дамуға, ғылыми жобаларды табысты жүзеге асыруға және Қазақстанның заң ғылымын дамыту жолындағы толағай табыстарға жетуіне тілектестік білдіреді.
Бөлісу:
Фотогалерея





