Университетімізде Әзірбайжан профессорының семинары өтті












Астана халықаралық университетінде Әзірбайжан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Эльвин Исмаил оглы Азизбаевтың қатысуымен ғылыми семинар өтті.
Семинар барысында профессор Эльвин Азизбаев ғылыми зерттеулерді дамыту және халықаралық академиялық ынтымақтастық саласындағы Әзірбайжан тәжірибесімен бөлісті. Шарада:
мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау;
мемлекеттік басқару жүйесіне заманауи технологияларды енгізу;
ғылыми зерттеулер мен басқарма шешімдерін қабылдау процестерін біріктіру туралы мәселелерді ерекше назарға алды.
Талқылаудың бөлек бір бағыты математика саласындағы, соның ішінде кері есептер теориясы бойынша зерттеу нәтижелерімен алмасу болды. Қатысушылар өздерінің ғылыми баяндамаларын таныстырып, кері есептерді шешудің заманауи тәсілдерін және Қазақстан мен Әзірбайжан ғалымдары арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Кездесуде бірлескен зерттеулер жүргізу, академиялық ұтқырлықты дамыту және екі елдің ғылыми-білім беру ұйымдары арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтудың өзекті бағыттары сөз болды.
Профессор Эльвин Азизбаевқа мазмұнды баяндамасы үшін, қызықты пікірталас пен ғылыми тәжірибесін ашық бөліскені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Бұл кездесу Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы академиялық байланыстарды нығайтудың маңызды қадамы болып, болашақ бірлескен ғылыми және білім беру жобаларының дамуына негіз болады деп сенеміз.
Бөлісу:
Фотогалерея






