AIU Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтымен академиялық әріптестікті нығайтуда

2025 ж. 24 сәу., бс, 11:56

2025 жылғы 24 сәуірде Astana International University қабырғасында Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының делегациясымен кездесу өтті. Кездесу ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған академиялық пікір алмасу форматында өтті.

AIU атынан кездесуге университеттің вице-президенті Қайрат Абдрахманов, экономика ғылымдарының докторы, профессор Мейрам Қажыкен, Азия–Еуропа бағытындағы Жаңа құрлықтық-көліктік дәліз бойынша ғылыми-зерттеу институтының қазақстандық филиалының директоры Нұрәлі Ирсалиев және ғылыми қызметкер Берік Табынбаев қатысты.

Қытай делегациясы құрамында Институт директорының орынбасары Цзинь Чжэ, көпжақты және аймақтық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісі Ли Юнхуэй, Ресей экономикасы бөлімі меңгерушісінің орынбасары Гао Цзисян, сондай-ақ жетекші ғылыми қызметкерлер Цзян Цзин және Чжао Юймин болды.

Кездесу барысында ғылыми жобалар, академиялық алмасулар және бірлескен бастамалар талқыланды. Сондай-ақ ОПОП және Транскаспий бағыты сияқты халықаралық көлік дәліздерін дамыту, цифрландыру, мәдени-гуманитарлық байланыстар және ШЫҰ, АӨСШК, БРИКС секілді ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері көтерілді.

Орталық Азияның маңызы ерекше аталып өтті. «Орталық Азия — жолдар торабында орналасқан, бұл өңірге үлкен жауапкершілік жүктейді» деген пікір айтылды. Ынтымақтастық сенім мен біртіндеп жақындасуға негізделуі тиіс. «Қадам-қадаммен жақындасу — үлкен жолдың бастамасы» деген ой да ортаға салынды.

Мәдениет пен білім беру — тұрақты әріптестіктің негізі ретінде ерекше атап өтілді.

AIU мұндай кездесулерді тәжірибе алмасу, жаңа байланыстар орнату және ғылым мен білім саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңызды алаңы ретінде қарастырады.


100