Студенттік клубтар

AIU TUNES
"Сөз таусылған жерде әуен басталады." Жетекші: Мажитова Дильнара Рустамовна

Media Guys
Media Guys клубы - бұл креативті ойлайтын, контент жасауға қызығатын студенттерді біріктіретін шығармашылық орта. Біз университет өміріндегі маңызды сәттерді ақпараттық және визуалды форматта ұсынумен айналысамыз. Жетекші: Хусанова Парвина

ITea - AIU IT community
ITea клубы ақпараттық технологиялар саласындағы студенттерді қолдауға және дамытуға бағытталған. Жетекші: Қызайнбек Ай-Керім Мақсатқызы

AIU Basketball баскетбол клубы
AIU Basketball баскетбол клубы Баскетбол клубы — бұл тек спорттық секция ғана емес, тәртіпті, мінезді және командалық ойлауды қалыптастыратын орта. AIU Basketball клубының негізгі мақсаты — баскетболға қызығушылық танытатын, салауатты өмір салтын ұстанатын студенттерден белсенді спорттық қауымдастық құру. Жаттығулар мен жарыстар арқылы командалық ойын, жауапкершілік және спорттық мәдениет қалыптасады. Клуб мақсатшыл студенттерді біріктіріп, университет спортын дамытуға үлес қосады. Жетекші: Оразалиева Сабина Болатовна

“Prometey” дебат клубы
Пікірсайыс клубының контекстіндегі «Прометей» сөз бостандығына ұмтылуды, білім іздеуді және қолданыстағы нормаларға қарсы тұруды бейнелей алады. Жетекші: Мырзабек Шұғыла Алматбекқызы

AIU VOLLEYBALL TEAM
AIU Volley Team — жеңіске, дамуға және мықты командалық рухқа ұмтылатын студенттерді біріктіретін университеттің волейбол командасы. Әр ойын — күрес. Әр матч — жеңіске бір қадам. Жетекші: Қасқараубай Бекзат Еркінұлы

Leader Alash интеллектуалды пікірсайыс клубы
Leader Alash интеллектуалды пікірсайыс клубы студенттердің интеллектуалды деңгейін көтеру, сыни ойлау қабілетін дамыту және шешендік өнерді шыңдау мақсатында құрылған ерікті студенттік ұйым. Клубтың негізгі мақсаты – студенттерді өзекті қоғамдық-саяси, әлеуметтік және мәдени мәселелерді талқылауға тарту арқылы олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру және талдау дағдыларын жетілдіру. Ұйым студенттердің аналитикалық әлеуетін жүзеге асыруға, олардың ақпараттың дұрыс немесе бұрыс екенін айыру қабілетін арттыруға және кез келген мәселеге жан-жақты қарауға мүмкіндік береді. Жетекші: Майлыбай Ерасыл

AIU Psychology Club a
AIU Psychology Club — бұл жай ғана клуб емес. Бұл — психология талқылаулар, кейстер, тәжірибе және шынайы әңгімелер арқылы жандана түсетін орта. Мұнда біз тек өзгелерді түсінуді ғана емес, өзімізді де тереңірек тануды үйренеміз. Қолдау, даму, жаңа білім және топтың атмосферасы — біздің клубты ерекше ететін құндылықтар. Жетекші: Анашова Жансая Мухтаровна

Студенттік кеңес ұйымы (СтК)
Студенттік кеңес ұйымы (СтК) — жас таланттардың басын қосып, олардың шығармашылық және қоғамдық әлеуетін дамытуға арналған бірегей платформа. Біз мәдени жобалар, волонтерлік қозғалыстар және арнайы тренингтер арқылы жастардың көшбасшылық дағдыларын шыңдаймыз. Әрбір студенттің шығармашылық бастамаларына қолдау көрсетіп, өзін-өзі жан-жақты дамытуына толық жағдай жасаймыз. Негізгі мақсатымыз — жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, олардың жарқын болашағын бірге қалыптастыру. Бізбен бірге сен өз идеяларыңды шындыққа айналдырып, нағыз көшбасшы бола аласың. Жетекші: Какимова Аймөлдір Нұржанқызы

Art club
Студенттерге арналған арт-клуб — бұл өнерге, өзін-өзі білдіруге және мәдени дамуға қызығушылық танытатын жастарды біріктіретін шығармашылық кеңістік. Клуб достыққа толы әрі шабыттандыратын ортада қарым-қатынас жасауға, идея алмасуға және көркем жобаларды жүзеге асыруға арналған алаң болып табылады. Жетекші: Қайшыбек Мерей Мұратқызы

“Шаңырақ” поэзия клубы
Шаңырақ поэзия клубы – университет қабырғасындағы шығармашылық орда, мұнда студенттер өз ойлары мен сезімдерін өлең арқылы жеткізеді. Клуб тек поэзиямен шектелмей, сазды әуен мен әсерлі кештер арқылы да студенттердің өнерге деген қызығушылығын оятады. Мұнда поэзия мен музыка студент өмірінің шынайы эмоциясын жеткізудің бір бөлігі болып табылады. Жетекші: Нұрбек Ақерке

AIU студенттер Альянсы
AIU студенттер Альянсы – студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың әлеуметтік, интеллектуалдық және шығармашылық дамуына бағытталған республикалық ұйым. Альянс жастарды қоғамдық жобаларға, волонтерлік іс-шараларға және ғылыми конференцияларға қатысуға ынталандырады. Ол студенттердің пікірін мемлекеттік және білім саласындағы шешімдерге жеткізіп, патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырады. Сонымен қатар, альянс әділетті білім ортасын қамтамасыз етуге және талантты жастарды тануға үлес қосады. Жетекші: Нұрбек Ақерке

«Бегімай» ұлттық би ансамблі
«Бегімай» ұлттық би ансамблі – қазақ ұлттық биін дамытуға және насихаттауға арналған шығармашылық ұжым. Ансамбль студенттердің өнерге қызығушылығын арттырып, ұлттық мәдениетті заманауи сахнада көрсетуді мақсат етеді. Негізгі құндылықтары – ұлттық рух, бірлік, жауапкершілік, шығармашылық даму және патриотизм. Ансамбль сахна мәдениетін жетілдіріп, университеттің мәдени өміріне белсенді үлес қосады Жетекші: Ахмет Айнамкөз Ериккалиқызы

«Gambit» шахмат клубы
«Gambit» шахмат клубы - стратегия мен логиканы сүйетіндерге арналған орта. Біз әртүрлі деңгейдегі ойыншыларды біріктіреміз: бастаушылардан бастап тәжірибелі шахматшыларға дейін. Клубта жаттығулар, партия талдаулары және турнирлер өткізіледі, онда әркім өз ойлау қабілетін және бәсекелестік рухын дамыта алады. Жетекші: Кенжебаева Ляззат Сабитовна

«Жарық» кітап клубы
«Жарық» кітап клубы — ойды дамытатын, сапалы кітаптар талқыланатын жастар ортасы. Ай сайын оқу, пікір алмасу және пайдалы кездесулер өткіземіз. «Жарық» — білім мен дамудың алаңы. Жетекші: Қонысбаев Асхат Бекетұлы

AIU Journalists
«Әлемнің жүрегіне барынша жақын болу үшін журналист бол» Жетекші: Қазығұл Әділет Саматұлы

Ozge theatre
Ұйым студенттердің өнерге, шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.Талантты жандар мен жұмыс жасап өз қабілетін шыңдату клубтың басты мақсаты. Жетекші: Кусаинова Зарина Темировна

Жастар Рухы
Жастар Рухы – Қазақстандағы Amanat басқарушы партиясының ресми жастар ұйымы / Жастар қанаты. Ол бүкіл ел бойынша жастарды (студенттерден бастап жас мамандарға дейін) біріктіреді және де көптеген аймақтарда филиалдары бар. Мақсаты Жастарды елдің қоғамдық және саяси өміріне тарту, көшбасшылық пен азаматтық белсенділікті дамыту. Тапсырмалар: • жас көшбасшылар мен олардың жобаларын қолдау; • волонтерлік және әлеуметтік бастамаларды ұйымдастыру; • белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру; • жастар саясатын іске асыруға қатысу. Жетекші: Имантаева Наргиз Нурлановна

QOLGABYS Volunteers Club
QOLGABYS Volunteers Club — бұл жай ғана волонтёрлік емес 💫 бұл өз уақытын пайдалы өткізіп, әлемді қадам сайын өзгертіп жүрген студенттердің қауымдастығы 🌍 Біз кішкентай ғана игі істердің өзі адамдардың өмірін жақсарта алатынына 🤍, қоршаған ортаны қорғауға көмектесетініне 🌱 және әр адамға өзінің маңыздылығын сезінуге мүмкіндік беретініне сенеміз ✨ QOLGABYS Volunteers Club-қа қосыл 💛 және әрекет ететін, шетте қалмайтын команданың бір бөлігі бол 🙌 Жетекші: Демеген Сымбат Намазбайқызы

«Umit Shyragy» студенттік қайырымдылық клубы
«Umit Shyragy» студенттік қайырымдылық клубы – қоғамға қолдау көрсетуге бағытталған ерікті жастар бірлестігі. Клубтың мақсаты – қайырымдылық қызмет арқылы студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және тұлғалық дамуына ықпал ету. Ұйым жастар арасында мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттап, оларды қоғамдық іс-шараларға белсенді тартуды көздейді. Сонымен қатар, клуб қарттар үйі мен балалар үйіне қолдау көрсетіп, түрлі әлеуметтік бастамаларға қатысады. «Сигнал бас», «Damu», «Шырша», «Отбасы» жобалары студенттердің көшбасшылық қабілеттерін дамытып, әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған. Жетекші: Бақтыбай Нұрай Шырынханқызы

Ұлттық өнер
Ұлттық өнер – халықтың ғасырлар бойы жинаған рухани қазынасы. Ол ұлттың болмысын, мінезін, тарихы мен тағдырын бейнелейді. Ұлттық өнері сақталған елдің рухы биік, тамыры терең болады. Өнерді құрметтеу және болашақты қорғау бізге Аманат Жетекші: Айдос Көкіш

Dancing High
Dancing High - бұл әр қатысушының жеке ерекшелігі мен қабілеті ашылатын заманауи би клубы. Мұнда қолдау, достық және өсуге деген жоғары мотивация атмосферасы қалыптасқан. Клуб биді, қозғалысты және өзін-өзі еркін білдіруді сүйетін жандарды біріктіреді. Dancing High - бұл жай ғана жаттығу орны емес, бұл - өмір салты мен өзіне деген сенімділік мектебі Жетекші: Сансызбай Олжас Ерболатұлы

Enactus
Enactus-бұл бизнесті қоғамға және қоршаған ортаға оң әсер етудің катализаторы ретінде пайдалануға ұмтылатын көшбасшылар желісі. Біз жастарды әлемдегі ең күрделі мәселелерді шешу үшін инновациялар мен кәсіпкерлікті пайдалануға үйретеміз, шабыттандырамыз және қолдаймыз. Enactus жастарды өз қауымдастықтарындағы оң кәсіпкерлік әрекеттерге ынталандыру үшін практикалық тәжірибе мен бәсекелестікке негізделген командалық оқытуды пайдаланады. Біздің студенттер өздерінің күш-жігерінің арқасында адамдарға, планетаға және жалпы өркендеуімізге оң әсер етеді және жаһандық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді. Жетекші: Алшатов Темирлан Нурланович

«Club of Diplomacy» Дипломатия ұйымы
Дипломатия ұйымы Дипломатия клубының миссиясы студенттердің халықаралық қарым-қатынас, келіссөздер жүргізу және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оларды дипломатия және халықаралық қатынастар саласындағы табысты мансапқа дайындау. Жетекші: Бауыржанова Ақбота Марғұланқызы

DUDAR-AI
«DUDAR-AI» хорының мақсаты – студенттердің вокалдық және сахналық дағдыларын дамыту, сондай-ақ университеттік және қалалық ауқымды іс-шараларға қатысу. Біз – классикалық та, эстрадалық та шығармаларды орындайтын заманауи хор ұжымымыз. Қатысушылар әртүрлі вокалдық партияларды меңгеріп, ансамбльдік үндестікті жетілдіреді. Ұжымның ерекшелігі – ән айту мен сахналық қимылды үйлестіру. Хор шығармашылық әлеуетті ашуға, өзіне деген сенімділікті арттыруға және үлкен сахналарда өнер көрсету тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді. Жетекші: Жарқынқызы Құралай

You&l
You&l сенің тұлғалық дамуыңның бастауы. AİU қыздарына арналған дамушы клуб. 4 бағытта жұмыс жасайды: creative, science, media, seminars. Жетекші: Қасым Маржан Жанайқызы

Университеттің футбол клубы
Университеттің футбол клубы футболды жақсы көретін және спортта дамығысы келетін студенттерді біріктіреді. Біз жаттығу жасап, жарыстарға қатысып, турнирлерде университет намысын қорғаймыз. Клуб командада ойнағысы келетін және белсенді студенттік өмірдің бір бөлігі болғысы келетін барлық студенттерге ашық. Жетекші: Кужагалиев Аскар Борисович

