Экономика жоғары мектебі

Фото_Смагулова З.К..jpeg

Құрметті талапкерлер мен студенттер!

      Экономика жоғары мектебінің  басты мақсат білікті мамандарды даярлау болып табылады, олар ең алдымен менеджмент және өнеркәсіптік экономика саласында құзыретті шешімдер қабылдауға қабілетті экономистер.

     Ең басынан, біз жетекші Қазақстандық және шетелдік университеттермен бірге білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға ерекше назар аударамыз.

Әсіресе, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ және Пекин мемлекеттік университетімен бірге білім беру бағдарламасы әзірленіп келісілді. Қазақстанда ұлттық экономиканың қуатты қозғалтқышы бола алатын қайта өңдеуші өнеркәсіпті жаңғыртуға және дамытуға көп көңіл бөлінді. Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және жүзеге асырылуда, түрлі салалардағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда, жаңа өндірістік кәсіпорындар құрылып, іске қосылады. Бірақ индустриялық саясатты іске асыру практикасы өнеркәсіптің жүйелік дамуын қамтамасыз етуге және кез-келген күрделі деңгейдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарды мен инфрақұрылымдық объектілерді басқаруға қабілетті мамандарды және жетекшілерді сапалы, жан-жақты даярлауының қажеттілігін көрсетті.

Экономика жоғары мектебі серпінді дамып, материалдық-техникалық базасын нығайтуға, кәсіби кадрлық ресурстарын арттыруға, жетекші өнеркәсіптік компаниялармен және холдингтермен, қаржылық, консалтингтік, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық ұйымдармен және аналитикалық орталықтармен іскерлік байланыстарды кеңейтуге ұмтылады. Уақыты жеткенде біздің мектебіміздің негізінде өнеркәсіптік, білім беру, ғылым мен қаржы жүйелерін бір платформаға қосатын қуатты индустриялық орталық құрылады.

 

Жоғары экономика мектебінің деканы, Экономика ғылымдарының докторы Қажыкен Мейірам Зекешұлы!