
Спасибо! С Вами свяжутся в ближайшее время
Произошла ошибка! Попробуйте снова!
26.04.20
Американың химиялық қоғамының (ACS) «OMEGA» ғылыми журналында Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің доценті, PhD Сейтқан Айнұр Сейтқанкызының темір диарсенидінің термиялық өзгерісін зерттеу бойынша мақаласы жарияланды.

Мақалада 25–850 °C температура және бейтарап атмосферада ұнтақты рентгендік дифракция арқылы Fe2As темір диарсенидінің термиялық әрекетін in situ зерттеу нәтижелері келтірілген. Тәжірибелер Швейцариядағы ең ірі жаратылыстану және техникалық ғылымдар институтында - Пол Шеррер институтында SLS қондырғысында (үшінші буынды синхротрон рентген көзі) жүргізілді. Алғаш рет темір арсенидінің (FeAs) бұрын-соңды анықталмаған NiAs-типті құрылымы бар жоғары температуралық фазасының болатындығы тәжірибелік жолмен анықталды. Сондықтан Fe-As жүйесінің қолданыстағы күй диаграммасы мақала авторлары алған нәтижелерді ескере отырып қайта құрылуды қажет етеді.
Мақаланы мына сілтемеден оқи аласыз: https://pubs.acs.org/doi/abs/10.1021/acsomega.9b03928#
Автор туралы: Сейтқан Айнұр Сейтқанкызы – Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы, Кембридж университетінің Жер туралы ғылымдар бойынша докторы (PhD), Американың химиялық қоғамының мүшесі.