Astana International University студенті биология пәнінен республикалық олимпиадада II орын иеленді






Astana International University-дің «B013 – Биология мұғалімдерін
даярлау» білім беру бағдарламасының студенті Базылтай Нұрлан
Мейрамбекұлы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері
арасында өткен XVIII республикалық пәндік олимпиадада жүлделі II орынға
ие болды.
Зияткерлік дода 2026 жылдың 23–24 сәуір күндері Түркістан
қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінде өтті. Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік
студенттер қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Базылтай Нұрлан Мейрамбекұлы
жоғары кәсіби дайындық деңгейін, биология және педагогика саласындағы
терең білімін, сондай-ақ ғылыми ізденіске деген ынтасын көрсетіп, II
дәрежелі дипломмен марапатталды.
Студенттің ғылыми жетекшісі — Исакова Динара Турапбаевна. Ол
қатысушыны беделді білім сайысына дайындауға зор үлес қосты.
Astana International University ұжымы Базылтай Нұрлан
Мейрамбекұлын және ғылыми жетекшісін жарқын жетістігімен құттықтап,
алдағы уақытта толағай табыс, жаңа белестер мен халықаралық деңгейдегі
жеңістер тілейді!
Бөлісу:
Фотогалерея




