Astana International University магистранты республикалық шығармашылық байқаудың жеңімпазы атанды

Алматы қаласында жас физика мұғалімдері арасында өткен
республикалық шығармашылық байқауда Astana International University
магистранты, Республикалық физика-математика мектебінің (РФМШ, Астана
қаласы) мұғалімі Жақан Әміржан Қайыржанұлы жеңімпаз атанды.
Байқау еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас педагогтердің кәсіби
шеберлігін, шығармашылық әлеуетін және инновациялық тәжірибесін
насихаттауға бағытталды. Қатысушылар заманауи білім беру әдістерін,
оқытудағы жаңа тәсілдерді және педагогикалық шеберліктерін жоғары
деңгейде көрсетті.
Жақан Әміржан Қайыржанұлының жеңісі — оның кәсіби біліктілігінің,
шығармашылық ізденісінің, өз мамандығына деген адалдығы мен үздіксіз
дамуға ұмтылысының айқын нәтижесі.
Жас маман қазіргі таңда Astana International University
магистратурасында білім алып, педагогика және физика саласындағы
ғылыми-зерттеу бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Оның жетістігі
университетіміздің білім сапасы мен жас мамандарды даярлаудағы жоғары
әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Astana International University ұжымы Жақан Әміржан Қайыржанұлын
жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс, кәсіби
өсу, тың идеялар мен жаңа биіктер тілейді!
Бөлісу:



