Астана халықаралық университетінде С5+1 күн тәртібі аясында маңызды минералдар мәселелері бойынша сарапшылық талқылау өтті

































2026 жылдың 12 маусымында Астана халықаралық университетіне қарасты CFive талдау платформасы мен Американың Yorktown Institute жанындағы Turan Research Center орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Future of Critical Minerals in Central Asia: Strategic Dialogue within the C5+1 Framework» атты халықаралық сарапшылық дөңгелек үстел өтті.
Бұл шара Маңызды минералдар жөніндегі С5+1 диалогының алғашқы бетпе-бет отырысының қорытындысы бойынша өтті. Жиын Орталық Азиядағы маңызды минералдық ресурстар саласын дамыту, инвестиция тарту, өндірістік тізбектерді құру және аймақтық ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін талқылайтын маңызды алаңға айналды.
Аталған іс-шараға дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы, бизнес және академиялық орта өкілдері қатысты.
Жиын қатысушыларына AIU Президенті Серік Ирсалиев құттықтау сөз сөйлеп, пікірталасты CFive Төрағасы Искандир Акылбаев жүргізді.
Баяндамашылар қатарында Turan Research Center директоры және Yorktown Institute (США) аға ғылыми қызметкері Джозеф Эпштейн, Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Жумабек Сарабеков, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) директорының орынбасары Даурен Абен, «НК Kazakh Invest» АҚ басқарушы директоры Азат Кабдрашитов және мұнай-газ саласының сарапшысы Абзал Нарымбетов болды.
Талқылау барысында Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Жумабек Сарабеков Қазақстан жай ғана шикізат өндіріп қоймай, технологиялар мен кадрлық әлеуетті дамытуға көшуі керек екенін атап өтті. Аталмыш маңызды минералдар елдің технологиялық даму құралына айналуы тиіс екені аталды.
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Даурен Абен сирек кездесетін металдар мен маңызды минералдарға деген халықаралық қызығушылықтың жоғары екеніне қарамастан, бұл саланың мұнай-газ секторынан айтарлықтай ерекшеленетінін және көптеген технологиялық, инфрақұрылымдық және инвестициялық факторларды ескеруді талап етеріне назар аударды.
«НК Kazakh Invest» АҚ басқарушы директоры Азат Кабдрашитов Қазақстанның шикізат экспорттау моделінен де құны жоғары өндірісті дамытуға жүйелі түрде көшіп жатқанын және ел ішіндегі өңдеу мен өнеркәсіп өндірісіне инвестиция тартуға мүдделі екенін жеткізді.
Turan Research Center директоры Джозеф Эпштейн маңызды минералдардың жаһандық жеткізу тізбегіндегі Орталық Азияның рөлі артып келе жатқанын атап өтіп, стратегиялық маңызды ресурстарға тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін аймақ елдері мен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын баса айтты.
Пікірталас қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан өзінің индустриалды базасын қалыптастыру, өңдеу қуаттарын дамыту және жаһандық экономикадағы елдің позициясын нығайту үшін маңызды минералдарға деген өсіп келе жатқан халықаралық қызығушылықты тиімді пайдалануы қажет деген ортақ мәмілеге келді.
Жиынға қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, С5+1 форматы аясында маңызды минералдар, тұрақты экономикалық даму және аймақтық ынтымақтастық мәселелері бойынша сарапшылық диалогты әрі қарай жалғастыруға ниет білдірді.
Бөлісу:
Фотогалерея













