UIBE университеті

Неліктен UIBE-мен қос дипломдық бағдарламаны таңдау керек?

Халықаралық бизнес және экономика университеті (UIBE) ҚХР Білім министрлігі мен Сауда министрлігінің демеушілігіменен қазіргі уақытта EQUIS, AASCB, CAMEA және AMBA сияқты төрт халықаралық аккредитациясы бар Қытайдағы жалғыз экономикалық университет болып саналады. UIBE халықаралық сауда, халықаралық құқық, қаржы, бизнесті басқару және шет тілдері сияқты пәндер бойынша бәсекеге қабілетті, университетте бакалавриаттан аспирантураға дейін қытай және ағылшын тілдерін оқыту жүйесі бар, бұл UIBE-ді Қытайдағы экономика мен бизнестің дамуы және талантты және ғылыми зерттеулерді тәрбиелеудің маңызды институттарының біріне айналдырады. 

Халықаралық бизнес және экономика университеті (UIBE) 1951 жылы құрылған. UIBE – Білім министрлігі мен Сауда министрлігінің жетекшілігіндегі негізгі ұлттық университет.
UIBE-де күндізгі бөлімде шамамен 16 000 студент бар, оның ішінде 160 елден 2500-ден астам халықаралық студенттер бар. UIBE түлектері негізінен мемлекеттік департаменттерде, трансұлттық корпорацияларда, қаржы секторларында, ірі сыртқы сауда корпорацияларында және бүкіл әлемде орналасқан коммерциялық мекемелерде жұмыс істейді. Олар жаһандық экономика мен әлеуметтік дамуды ілгерілетуде маңызды рөл атқарады.

Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде 2020 жылдан бастап Астана халықаралық университеті «Халықаралық бизнес» білім беру бағдарламасы бойынша бірлескен екі дипломдық оқытуды сәтті жүзеге асырған алғашқы университет болып табылады.