Астана Халықаралық университетінде Балалар университетінің ашылуы

2024 ж. 5 нау., сс, 05:41

2024 жылдың 2 наурызында Астана Халықаралық университетінің қабырғасында керемет тарихи сәт орын алды, бұл күні Астана қаласында тұңғыш рет "AIU kids university" балалар университетінің салтанатты ашылуы өтті. Осы күннен бастап AIU университеті  EUCUNET балалар университеттерінің беделді әлемдік қозғалысына қосылып, жас ақыл-ойдың алдында ғылым мен мүмкіндіктердің кең көкжиегін ашуда. Бұл жоба балаларды өзін-өзі дамытуға, жаңа идеялар мен шығармашылыққа, болашақта ғылыми қызметке шабыттандыруға және ынталандыруға арналған.

Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы Педагогикалық институттың ғалымдары Binom school, № 78, №73 мектеп-гимназияларының 5-6 сынып оқушыларымен кездесті.

Университеттің бес аудиториясында математика, физика информатика, химия, биология бағыттары бойынша студенттердің ғылыми-техникалық шығармашылығынан таңданыс тудыратын роботтар, қызықты эксперименттер, өнертабыстары "AIU: білімге шабуыл" көрмесінде көрсетілді.

Балаларға өз әлеуетін ашуға және өз кәсібін табуға көмектесетін Астана Халықаралық университетінің ғалымдарын таныстырамыз:

1. Ахмадиева Жанна Қуанышқызы-доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты, Педагогикалық институттың директоры

2. Мұсаева Бинур Ғаббасқызы-профессор, химия ғылымдарының кандидаты

3. Анияров Альмир Аскарович-доцент, физика-математика ғылымдарының кандидаты

4. Нұркенов Серік Амангелдіұлы-доцент, физика-математика ғылымдарының кандидаты

5. Нұрғалиева Домен Аукиловна-доцент педагогика ғылымдарының кандидаты

6. Хамзина Салтанат Рашидовна-PhD докторы

7. Дамекова Сәуле Қайроллқызы-доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты

Ресми бөлімде ғалым, профессор Бинур Ғаббасқызы Мұсаеваның қолынан символдық кілт біздің Балалар университетінің алғашқы студенті болған оқушыларға берілді.  Бұл сәт ғылыми білімді, тәжірибе мен дағдыларды аға буыннан жас ұрпаққа берудің символы болып табылады. Бұл кілтті беру біздің балалар университетінің әл-ауқаты мен өркендеуінің символына айналды!

Біздің балаларымыз қуанышпен және құлшыныспен дамып, білім алады және балалар университеті олар үшін өз әлеуетін ашып, жаңа биіктерге жетелейтін орынға айналады деп үміттенеміз.

Балалар университетінің алғашқы студенттерін құттықтаймыз!

Барлық ниет білдірушілерді бізге қосылуға және балаларына ғылымға алғашқы қадамдар жасауға бірегей мүмкіндік беруге шақырамыз.

Университет серіктестерін, демеушілерді, ата-аналарды Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық институты ғалымдарының бастамасын қолдауға шақырамыз. Осы маңызды оқиғаның бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыз және балалар университеті туралы көбірек білу үшін сабаққа келіңіз.

Күні

Уақыты

Іс-шара

2 наурыз 2024 ж

10:00-12:00

 

"AIU: білімге шабуыл" студенттердің ғылыми-техникалық шығармашылық көрмесі

30 наурыз 2024 ж

10:00-12:00

 

Балаларға арналған Жаратылыстану ғылымдары бойынша университет ғалымдарының ғылыми-танымал дәрістері.

11 сәуір  2024 ж

10:00-12:00

 

Балалар онлайн конференциясы.

25 мамыр 2024 ж

10:00-12:00

 

«KIDS  Expo- 2024 » балалар жобалары, зерттеулер көрмесі.


779