Бакалавриат: Абитуриент күнтізбесі






Қордың білім беру грантына кім үміткер бола алады?

Грант ізденушілері Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады:

1) ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар;

2) жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) мүгедектігі бар;

4) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

5) 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;

6) 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;

7) төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.

Қатысушыларды іріктеу қалай жүргізіледі?

Үміткерлер ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына 10-17 тамыз аралығында өтінім береді. Үміткер өз бетінше өтінім береді және осы үрдіске жауап береді. Бұл ретте ҰБТ-ға қойылатын талаптар жыл сайын өзгеруі мүмкін екенін ескерген жөн, сондықтан бұл ақпаратты ЖЖОКБҰ-да құжаттарды қабылдаушыдан алдын ала нақтылау қажет. Қор ЖЖОКБҰ-ға түсуге қатысты мәселелер бойынша кеңес бермейді.

Қандай жоғары оқу орындарына және қандай мамандықтар бойынша гранттар бөлінеді?

ЖЖОКБҰ тізбесі Қордың сайтында жарияланған. Мамандықты үміткердің өзі таңдайды, мамандықтар бойынша шектеу жоқ.

Грант қанша оқу кезеңін қамтиды, оқу ақысының көлемі бойынша шектеме бар ма?

Грант бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың барлық кезеңін қамтиды. Оқу құны бойынша шектеме әр студентке 1 млн теңгеге дейін құрайды, егер студенттің жылдық оқу құны осы сомадан жоғары болса, онда айырмашылықты студенттің өзі төлейді.

Бұдан басқа, Қор гранты иегерлеріне жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде (жыл сайын) 40 000 теңге мөлшерінде шәкіртақы төленеді.

Шәкіртақыға үміткер ретінде жеке өтінім беру керек пе?

Жоқ. Шәкіртақы – Қор грантының құрамдас бөлігі.

Гранттарды тағайындау бойынша түпкілікті шешімді кім қабылдайды?

Грант тағайындалатын үміткерлердің тізімі ҰБТ-ның ағымдағы күнтізбелік жылында өткен және оның нәтижелері бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін қажетті өту балын жинаған (оның ішінде шығармашылық емтихандарды ескере отырып) талапкерлер қатарынан ЖЖОКБҰ тарапынан қалыптастырылады және ЖЖОКБҰ конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасы ретінде рәсімделеді.

Осылайша, ағымдағы жылдың талапкерлері арасында үміткерлерді іріктеуді ЖЖОКБҰ жанында жұмыс істейтін қабылдау немесе кез келген басқа комиссия жүзеге асырады.

Грант берілетін талапкерлердің тізімін Қор Басқармасы бекітеді. Бұл ретте Қор үміткердің бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне ғана қарайды.

Қандай жағдайларда студент гранттан айырылуы мүмкін?

Өз қалауы бойынша және үлгермінің төмен болуына оқудан шығарылған жағдайларда, сондай-ақ оқудың екінші жылына қалдырылған және грант иеленушінің Бағдарлама қатысушысы екендігін растайтын күмәнді ақпарат және/немесе дәйексіз құжаттар ұсынылған жағдайда грант тоқтатылады.

Қор грантына үміткер басқа бағдарламалар байқауына қатыса ала ма, әлде мемлекеттік грантқа үміткер бола ала ма?

Иә. Бұл ретте Қор грантына өтінімді белгіленген мерзімде – 10 тамыздан 17 тамызға дейін тапсыру қажет.

Грант иесінің Қор алдындағы міндеттемелері бар ма?

 

Грант иегері ЖЖОКБҰ қабылдаушысының академиялық талаптарын сақтауға және толық оқу курсынан өтуге міндетті. Қор бөлетін гранттар өтеусіз, қайтарымсыз көмек болып табылады, грант иеленушінің оқу аяқталғаннан кейін Қор алдында міндеттемелері болмайды.

Сонымен қатар, Қор грант иегері оқу кезеңінде Қордың волонтерлік бастамаларына белсенді қатысып, жалпы оқу кезеңінде Қормен байланыста болады деп үміттенеді.

Ағымдағы жылы емес, осыған дейін мектепті/колледжді бітірген үміткер байқауға қатыса ала ма?

Иә.

Жоғары білімі бар үміткер байқауға қатыса ала ма?

Жоқ.

Бағдарламаға қатысу үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет?

Барлығына:

- талапкердің ҰБТ нәтижелерінің түпнұсқасы, білім алушының транскрипті;

- нотариус немесе ЖЖОКБҰ куәландырған үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі.

Ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылғандар:

- түпнұсқасы не нотариус немесе ЖЖОКБҰ куәландырған (көшірмесі дұрыс) ағымдағы жылға өзекті АӘК алушының анықтамасы (с egov.kz), немесе кандидаттың тұрғылықты жері бойынша ауданның/қаланың/кенттің/ауылдың әкімдігінен/жұмыспен қамту орталығынан, отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы (аз қамтылған отбасы), аудан/қала не кент/ауыл әкімі орынбасарынан төмен емес лауазымды адамның қолы қойылған анықтама.

- нотариус немесе ЖЖОКБҰ куәландырған жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесі (ауыл мектебі, шағын не моноқала мектебі).

Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:

Нотариус немесе ЖЖОКБҰ куәландырған:

- екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру туралы, шектеу туралы, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі;

- баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың көшірмесі.

Мүгедектігі бар азаматтар:

Нотариус немесе ЖЖОКБҰ куәландырған үміткердің ағымдағы жылға өзекті мүгедектігі туралы анықтамасы (медициналық-әлеуметтік сараптама).

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан азаматтар:

Нотариус немесе ЖЖОКБҰ куәландырған:

- үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі және отбасы мүшесі қатарындағы мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баламен туыстық байланысты (қандық) растайды);

- ағымдағы жылға өзекті отбасындағы балалардың (18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланың) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.

2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары, 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қайтыс болған азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде):

Дерекнама негізінде әзірленетін Қор анықтамасы.

Астана халықаралық университетіне оқуға түсу үшін талапкер Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 8. мекенжайы бойынша университеттің қабылдау комиссиясына 2023 жылдың 10-25 наурыз аралығында қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқасын ұсынуы қажет.


Білім грантын немесе әкімдіктің білім грантын алмасаңыз, ақылы бөлімге түсіңіз. Ол үшін алдымен IS Platonus жүйесінде тіркелу керек (Өтініш берушілерді тіркеу нұсқаулары)