Астана халықаралық университетінің Заң жоғары мектебінің аға оқытушысы, PhD докторы Ибраев А. С. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен іске асырылатын «аналитика мектебі» жобасында талдамалық материалдарды дайындау дағдыларын жетілдіру бойынша курстан сәтті өтті

2024 ж. 8 сәу., дс, 11:20

Астана Халықаралық университетінің Заң жоғары мектебінің аға оқытушысы, PhD докторы А.С. Ибраев екі ай ішінде талдамалық материалдарды дайындау, дағдыларын жетілдіру бойынша қарқынды курстан өтті. «Аналитика мектебінде» оқу жоғары дәрежелі Отандық және шетелдік сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеудің бірегей мүмкіндігіне айналды.

Оқыту курсы теориялық және практикалық блоктардан тұрды. Дәріскерлер мен жаттықтырушылар ретінде белгілі қазақстандық және шетелдік сарапшылар шақырылды. Сонымен қатар, мектеп қатысушылары министрлермен және орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен іскерлік түскі ас форматында бірқатар кездесулер өткізді.

Оқу қорытындысы бойынша БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қатысты топтық талдамалық баяндамалар дайындалды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат тапсырып, баяндаманың пысықталуының жоғары деңгейін, оның өзектілігін, құрылымдылығын, қорытындылар мен ұсынымдардың мазмұнын атап өтті.



370