Астана қаласының №95 мектеп-лицейінде ағымдағы жылдың 12 сәуірінде экология апталығы өтті

2024 ж. 12 сәу., жм, 09:29

Астана қаласының №95 мектеп-лицейінде ағымдағы жылдың 12 сәуірінде экология апталығы өтті. Осы шараға Астана халықаралық университетінің Педагогикалық институты мен Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара аясында 9 сынып оқушыларына х.ғ.к., Педагогикалық институт доценті Жумагалиева Жаркын Жакиевна «Табиғи сулардың экологиялық жағдайы» тақырыбына дәріс оқыды. 6В01502 «Биология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері дәрістен соң оқушыларға тақырып бойынша түрлі тәжірибелер жасатты. Сонымен қатар Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің аға оқытушысы,  PhD докторы Карабалаева Айман Бейсембаевна 9-11-сынып оқушыларына Астана халықаралық университеті жайлы  мәлімет берді. Оқушылар университет туралы бейне материалдармен таныстырылып, буклеттер таратылды.


491