Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Astana International University-ге келді

2024 ж. 15 сәу., дс, 12:30

Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Чжан Сяо Astana International Universitу-ге келді. AIU президенті С.Ирсалиевпен келіссөз барысында тараптар жоғары білім және ғылым саласындағы екіжақты қарым-қатынасқа қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

AIU президенті университеттің негізгі басымдықтары туралы, Қытайдың жетекші университеттерімен (Бейжің, Цинхуа, UIBE, BLCU, Цзянсу, Фудан) ынтымақтастық туралы айтты. Ағымдағы жылдың наурыз айында қазақстандық университет делегациясының Қытайға сапарын ерекше атап өтіп, оның барысында AIU базасында Бейжің Тіл және мәдениет университетінің (BLCU) филиалдық кампусын ашу туралы келісімге қол қойылған еді.

Дипломатиялық миссия басшысы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың дамуына оң баға берді. Оның айтуынша, Қытай университеттері қазақстандық ЖОО-мен серіктестік орнатуға және дамытуға ұмтылуда, олардың арасында AIU маңызды орын алады. Ол қытай тілінің синологтары мен аудармашыларын дайындайтын негізгі университет болып табылатын BLCU филиалдық кампусын ашудың маңыздылығын атап өтті. Елшілік өз тарапынан филиал жұмысын ұйымдастыруға қажетті көмек көрсетеді.


337