Бағдарламалау бойынша пәндік олимпиаданың қорытындысы

2024 ж. 17 сәу., ср, 04:58

2024 жылғы 15 сәуірде Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің 1-3 курс студенттеріне арналған бағдарламалау бойынша университеттің пәндік олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: дарынды студенттерді дамыту және қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін ынталандыру, жоғары зияткерлік әлеуетті қалыптастыру, заманауи ғылыми міндеттерді шешуге белсенді тарту және ғылыми қызметке қызығушылықты ынталандыру.

Комиссияның бағалау нәтижелері бойынша келесі студенттер үздік деп танылды:

I орын – Сатыбалды Андас (ЕТБҚ-22Б)

II орын – Режеп Бекарыс, Қызайнбек Ай-Керім (ЕТБҚ-22А)

III орын – Талдықбаева Тамирис, Ерекина Меруерт (DS-22Б), Марат Жанель (DS-23Б).

Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі жеңімпаздар дипломдарымен марапатталды, сондай-ақ бағалы сыйлықтарға ие болды.

Пәндік олимпиадаға қатысу студенттердің білім деңгейі мен кәсіби дайындығын арттырады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз!


219