ПРОГРАММАЛАУ БОЙЫНША ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

2024 ж. 10 сәу., ср, 08:32

Құрметті ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің 1-3 курс студенттері!

Сіздерді 6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру бағдарламасы бағыты бойынша университеттік пәндік студенттік олимпиадаға қатысуға шақырамыз.

Олимпиаданың мақсаты: дарынды студенттерді дайындау және қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін ынталандыру, жоғары зияткерлік потенциалын қалыптастыру, заманауи ғылыми мәселелерді шешуге қатыстырып, ғылыми қызметке қызығушылықтарын ынталандыру.


Күні: 15 сәуір 2024 ж.

Уақыты: 14:00

Орны: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы 8, 2 корпус, 5 қабат, 509 ауд.

Қатысу форматы: оффлайн

Олимпиада өткізілетін тілдері: қазақ және орыс.

Олимпиадаға қатысушылар 2024 жылдың 14 сәуіріне дейін төмендегі сілтеме арқылы тіркелуі керек:

https://docs.google.com/forms/d/1wu7B3p1CmUj13gb-RmMsvG_pshtmX0aJx2EzknjQMUc/viewform?edit_requested=true


1 кезең-Тестілеу

2 кезең - Программалау тапсырмалары


Қорытындылау және марапаттау: 15.04.2024 ж., сағат 18.00.

Өзіңізді көрсетіп, олимпиада жеңімпазы болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Құрметпен,

Программалау бойынша пәндік олимпиаданы ұйымдастыру комитеті.



401