Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі

Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі «Экология және табиғатты пайдалану», «Биология», «Рекреациялық география және туризм» білім беру бағдарламалары бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде үш деңгейлі (бакалавриат, магистратура және докторантура) дайындық жүргізеді. Студенттерді дайындаудың сапасын жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам қамтамасыз етеді: үлкен педагогикалық және ғылыми тәжірибесі бар профессорлар, ғылым докторлары және кандидаттары, жаратылыстану бағыты бойынша философия докторлары (PhD) және магистрлер. Біз студенттеріміздің дайындығын халықаралық ынтымақтастық байланыстарымызға сүйене отырып (серіктес университеттерде шетелдік тағылымдамалар, практикалық шеберлік сабақтары апталары, белгілі шетелдік ғалымдар дәрістері) әлемдік еңбек нарығының сұраныстарына бағыттаймыз.


      Оқу – бұл тек жалаң фактілерді есте сақтау ғана емес, ол дәлелдерді жинақтауды, талдау және өзіндік қорытынды жасауды қажет ететін күрделі процесс. Біз студенттерімізге сыни тұрғыдан ойлауды және білімді өз бетінше жинақтауды және шыңдауды үйретеміз. Адам өмір бойы білімге ұмтылуы керек, ол үшін білуге ынтызар, ізденімпаз, ойлы және жаңалыққа ашық болу мағызды. Біздің университетте алған біліммен Сіз кез-келген белгілі проблемаларды шеше алатын боласыз, ал белгісіз мәселені шешу үшін қажетті барлық дағдыларды үйретеміз. 
Біз мансаптық және кәсіби биіктерге ұмтылатын және Қазақстан Республикасының өркендеуіне үлес қосатын креативті және өршіл талапкерлерді күтеміз. Түлектеріміз өз саласының нағыз маманы бола отырып, тек өз елінде ғана емес, шет елдерде де экономиканың сапалы дамуын қамтамасыз ететініне терең сенемін. 
Құрметті талапкер, сіздің табысты және жарқын болашағыңыз осы жерден басталады! Құрметпен, Сейітхан Айнұр Сейітханқызы!