Қазақстан
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ел дамуының негізгі
бағыты ретінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізуді атап өтті.
Мемлекет басшысы ғылым мен білімді үйлестіру мақсатында құзырлы Министрлік пен Ғылым академиясының
бірлесіп жұмыс істеуінің маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ,
Жолдауда жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын университеттерге көбірек
дербестік беру қажеттігі айтылды. Бұл жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу
әлеуетін арттыруға және жаңа технологияларды енгізуіне жол ашады.
Astana
International University Президенттің бастамаларын толық қолдай отырып, өз оқу
үдерісінде цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект құралдарын енгізуді
жалғастырады. Университеттің стратегиялық мақсаты – жаңа буын мамандарын
даярлау, ғылыми зерттеулерді ілгерілету және Қазақстанның инновациялық дамуына
үлес қосу.