Астана халықаралық университетінде дәстүрлі «Welcome Party – 2025» мерекелік кеші өтті. Шара барысында бірінші курс
студенттері университеттің үлкен отбасына ресми түрде қосылды. Мереке жаңа оқу
жылының символдық бастамасы айналды. Бірінші курс студенттерін AIU академиялық
отбасына біріктірді.
Кеш
шымылдығы «AMANAT» ансамблінің орындауындағы қазақтың әйгілі «Адай» күйімен
ашылды. Кеш бағдарламасы түрлі ойындар, би жарыстары және заманауи TikTok
трендтерімен жалғасты.
Жүргізушілер
университеттің өткен оқу жылындағы жетістіктерімен де бөлісті. 2024–2025 оқу
жылында AIU-де:
- 27 студенттік ұйым;
- 100-ден астам
іс-шара;
- 9 семинар;
- 19 қайырымдылық
акциясы жүзеге асты.
Бұл
көрсеткіштер университеттің студенттердің тек академиялық білімін ғана емес,
олардың шығармашылық және әлеуметтік әлеуетін дамытуға да ерекше көңіл
бөлетінін көрсетті.
«Welcome
Party – 2025» жаңа оқу жылының басталуын айшықтап қана қоймай, студенттердің
достық қарым-қатынас орнатуына, университет өміріне тез бейімделуіне ықпал
етті. Кеш соңында белсенді студенттерге алғыс айтылып, университеттің дамуына
қосқан үлестері атап өтілді.