«Халықаралық бизнес» мамандығы бойынша қос дипломды білім беру
бағдарламасының 4-курс студенттері Қытайдың ең беделді және жетекші экономикалық жоғары оқу
орындарының бірі — Пекин қаласындағы University of International
Business and Economics (UIBE) университетінде 3+1 форматы бойынша (үш жыл — Қазақстандағы Astana International University
базасында, бір жыл — Қытайда) білім алуда.
UIBE университетінде оқу - бұл
халықаралық бизнес саласындағы заманауи білім мен құзыреттерді меңгерудің ғана
емес, сонымен қатар қытай және ағылшын тілдерін жетілдірудің, тілдік әрі мәдени ортаға терең бойлаудың, сондай-ақ көпмәдениетті және жоғары бәсекеге қабілетті академиялық ортада
құнды тәжірибе жинаудың бірегей мүмкіндігі.
UIBE университеті біздің
студенттердің Astana International University Экономика жоғары
мектебінде алған кәсіби даярлығының жоғары деңгейін және
профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсібилігін ерекше атап өтеді.
Бірлескен
білім беру бағдарламасы студенттерге кәсіби өсудің, жұмысқа орналасудың және бизнес саласында табысқа жетудің кең мүмкіндіктерін ұсынады - бұл тек екі ел арасындағы
ынтымақтастық аясында ғана емес, сондай-ақ халықаралық жобалар мен әлемнің
жетекші компанияларында жүзеге асырылады.





