Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Сіздерді ұлт бірлігі мен тәуелсіздігіміздің нышаны - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн - мемлекетіміздің мәңгілік тәуелсіздігі мен азаттығының бастауы, әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялататын мереке.
Отанымыздың өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген әр азаматқа мықты денсаулық, толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, егемендігіміз мәңгі болсын!
Ізгі тілекпен,
Астана Халықаралық университетінің Президенті Ирсалиев Серік Азтайұлы!
