Астана Халықаралық университетінде Республика күні мерекесіне орай іс-шара өтті. Іс-шара барысында университет Президенті Серік Азтайұлы Ирсалиев оқу ордасының профессор-оқытушылар құрамын ұлттық мерекемен шын жүректен құттықтап, олардың елеулі еңбегіне жоғары баға берді.
Президент өз құттықтау сөзінде Республика күні - халқымыздың тәуелсіздік пен бірлік жолындағы қажырлы еңбегінің символы екенін атап өтті. Сондай-ақ, университеттің өркендеуіне, жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге сіңірген еңбектері үшін профессор оқытушыларға алғыс хаттар табыстады.
Марапат иелері өз кезегінде университет басшылығына көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да AIU-дың білім мен ғылым саласындағы жетістіктерін арттыруға үлес қосуға ниетті екенін жеткізді. Astana International University ұжымы барша профессор-оқытушылар құрамын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтап, шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер және кәсіби табыс тілейді!









