Astana International University Фестиваль алаңында таныстырылым өткізді

2025 ж. 20 қар., бс, 06:06

Елордада 10-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру және жеке даму бағытындағы GeoFest 2025 Astana білім фестивалі өтті. Іс-шара оқушылар арасында мамандық таңдауға қолдау көрсету, жоғары білім беру мүмкіндіктерін таныстыру және университеттер мен мектеп түлектері арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Фестиваль алаңында еліміздің жетекші жоғары оқу орындары қатарында Astana International University (AIU) өз мүмкіндіктерін таныстырды. Университет өкілдері оқушыларға заманауи білім беру бағдарламалары, шетелдік серіктестік байланыстар, ғылыми-зерттеу әлеуеті және гранттық мүмкіндіктер жөнінде жан-жақты мағлұмат берді. Іс-шараға AIU атынан Экономика жоғары мектебі, Педагогикалық институт және Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің өкілдері қатысты. Университет тарапынан экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Үсенбаев Темірбек Мүслиұлы спикер ретінде сөз сөйлеп, университеттің артықшылықтары мен мүмкіндіктерімен таныстырды.

Қатысушылар назарына ұсынылған шеберлік сағаттары мен мотивациялық әңгімелер жастардың жаңа білімге деген ынтасын арттыра түсті. ҰБТ-ға дайындық, жеке даму, болашақ мамандықты дұрыс таңдау сынды тақырыптар қамтылып, оқушылар көкейлеріндегі сауалдарға жауап алды.

Фестиваль барысында оқушылардың қызығушылығын оятқан тағы бір жайт  KZ-дің шығармашылық жастарының белсенділігі.

 


1047