AIU ТМД мен Орталық Азияда әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша магистранттар даярлайтын алғашқы университет

2025 ж. 1 жел., дс, 07:37

28 қараша күні Астана халықаралық университетінің президенті С.А. Ирсалиев Ғылым және жоғары білім министріне арналған әлеуметтік иноваторлар қауымдастығының  таныстырылымына қатысты.

Астана халықаралық университеті -ТМД мен Орталық Азия аумағында әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша магистрлер даярлайтын алғашқы университеттердің бірі. Біз бизнес пен қоғамдық жауапкершілік тоғысатын қазіргі заманның ең маңызды бағыттарының бірін дамытып отырғанымызды зор мақтаныш деп санайды.

Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлер қоғам дамуына ерекше үлес қосуда - олар әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық жобалар жасап, экономикалық өсімге елеулі ықпал етеді. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 2%-ы әлеуметтік кәсіпкерлердің қызметі арқылы қалыптасады. Олардың әлеуметтік әсерінің маңызын бағалаусыз қалдыру мүмкін емес.

AIU-да әлеуметтік инновациялар экожүйесі қалыптасып келеді. Университетте әлеуметтік кәсіпкерлік бағытында толыққанды экожүйе жасалуда. Атап айтсақ, «Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жобасы аясында төрт жыл бойы табысты жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде 800-ден астам әлеуметтік кәсіпкер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері оқытылды;

Әлеуметтік кәсіпкерлікке арналған бір ғылыми жоба сәтті аяқталды, ал екінші гранттық ғылыми жоба - мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесінің ғылыми негіздері бойынша - жалғасып келеді;

Әлеуметтік инновациялық қауымдастықта Astana International University үшін білім беру саласындағы стратегиялық серіктес ретінде арнайы эксклюзивті аймақ ашылды;

AIU түлегі Эмин Аскеров әлеуметтік бастамаларды табысты жүзеге асырып, жаңа буын көшбасшыларын шабыттандыруда. Министрмен өткен кездесу - бағыттың стратегиялық маңызын тағы да айқындады

AIU президенті С.А. Ирсалиев, әлеуметтік инновациялық қауымдастықтың  негізін қалаушы Эмин Аскеров және ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің кездесуі бұл саланың маңыздылығы мен болашағы зор екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік мамандарын даярлау - тұрақты болашаққа салынған инвестиция. «Әлеуметтік кәсіпкерлік» білім беру бағдарламасы қоғамға пайда әкелетін, экономиканың дамуына үлес қосатын, әлеуметтік құндылық жасай алатын жаңа формация көшбасшыларын дайындайды. AIU үшін бұл бағыт - еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын арттыруға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық миссиясы.

 

 


2022