AIU-де АҚШ профессорының қатысуымен «Отбасылық құндылықтар мен демократия» тақырыбында онлайн-семинар өтті

2025 ж. 1 жел., дс, 12:24

19 қараша 2025 жылы Астана халықаралық университетінің  Педагогика институтының «Шет тілі филологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Б. Сейсекенова  әлемнің 105 елінің азаматтарына тілдік қолдау көрсетіп отырған Вашингтон ағылшын тілі орталығының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Джон Дрейермен  «Отбасы құндылықтары және демократия» тақырыбында онлайн семинар өткізді. Семинарға «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының магистранттары, «Шет тілі: екі шет тілі» және «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық бизнес», «Менеджмен», «Data Science» мамандығының студенттері қатысты.

Семинардың негізгі тақырыбы АҚШ-ның отбасылық құндылықтарының  ерекшеліктері, демократия принциптеріне негізделген жас отбасының тең бөлісетін жауапкершілігі, әр болашақ мамандық  иесінің қоғамдағы орны туралы қазіргі жастарға берер тәлімі, адамзат және ел болашағы, адамгершілік, құндылық мәдениет түсініктеріне жауап іздеу төңірегінде өрбіді. Студенттер мен магистранттар семинар барысында профессорға көптеген сұрақтар қойып, тақырыпты талдауға белсенді ат салысты.

Бұған дейін Сейсекенова Айнаш Байкенжеқызы «Болашақ мамандардың Шәкәрімнің «ар ілімі» контексіндегі құндылық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты ғылыми-зерттеу жобасын орындап, 2024-25 жыл аралығында АҚШ-ндағы Джорж Вашингтон университетінде Болашақ «500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағлымдамадан өткен еді.

 


1978