Қазіргі
таңда екінші серіктес университет - Бейжің қаласындағы University of
International Business and Economics (UIBE) базасында білім алып жатқан
«Халықаралық бизнес» қос дипломды білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері
халықаралық деңгейде өздерінің жоғары академиялық және қытай тіліндегі дайындық
деңгейін көрсетті.
Қытай
Халық Республикасында оқу барысында Ем Сарра, Мурсалимова Жансая
және Болат Айтуар атты үш студент UIBE-де
шетелдік студенттер арасында өткізілген《圆梦中国》 - Қытайда білім алып жатқан шетелдік
студенттерге арналған қытай тіліндегі эссе байқауы
Аталған
байқау қытай тілі мен мәдениетін меңгеріп жатқан әртүрлі елдердің студенттерін
біріктіріп, қытай тіліндегі академиялық жазылым дағдыларын дамытуға және
мәдениетаралық өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған.
Байқау
қорытындысы бойынша студенттеріміздің эсселері қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, байқау жинағында жариялауға лайық деп танылды, бұл - маңызды академиялық
жетістік әрі қытай тілін меңгеру деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді.
Байқауға
қатысқан барлық студенттер UIBE Халықаралық институты
тарапынан берілген Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Студенттерімізді
лайықты жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы оқуында, ғылыми және
халықаралық қызметінде табыстар тілейміз.
