AIU студенттерінің UIBE серіктес университетімен халықаралық кездесуі

2025 ж. 23 жел., сс, 06:25

18 желтоқсан күні University of International Business and Economics (UIBE, Бейжің қаласы.) шет тілдері институтымен бірлесіп «Халықаралық бизнес» қос дипломды білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері мен қытай студенттердің кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу жылы, достық және еркін атмосферада өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты - студенттердің ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға және мәдениетаралық қарым-қатынасын нығайтуға ықпал ету.

Кездесу аясында біздің студенттер арнайы викторина дайындап, оның барысында қытай студенттер Қазақстан және Орталық Азияның басқа да елдерінің мәдениетімен танысты, ал «Халықаралық бизнес» қос дипломды білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Қытай мәдениеті туралы көптеген қызықты мәліметтер алды.


713