Astana International University студенті Бакдаулет
Кемал 2025-2026 маусымындағы халықаралық Huawei ICT Competition байқауында III
орынға ие болды.
Жеңімпаздың аты-жөні мен нәтижесі салтанатты
марапаттау рәсімі барысында ресми түрде жарияланды. Марапаттау рәсіміне Astana
International University вице-президенті Қайрат Амангельдиевич және Ақпараттық
технологиялар және инженерия жоғары мектебі деканының орынбасары Мира
Жорабековна қатысып, іс-шараның жоғары мәртебесін және байқаудың ІТ-білім
беруді дамыту мен бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы маңызын атап өтті.
Сондай-ақ жеңімпаздарға сертификаттар мен сыйлықтарды
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің вице-министрі Шеглова
Д.Р. және Huawei компаниясының Қазақстандағы басшылығы табыстады.
Huawei ICT Competition ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар саласындағы әлемнің ондаған елінен студенттерді біріктіретін ең
ірі халықаралық байқаулардың бірі. Бакдаулет Кемалдың жеңісі Astana
International University студенттерінің жоғары дайындық деңгейін және
университеттің білім беру бағдарламаларының сапасын айқын көрсетеді.



