Заманауи еңбек нарығында әскери тәжірибенің болуы кәсіби даму жолында маңызды күш екенін растайды. Harvard Business Review (HBR) және Korn Ferry агенттігінің көпжылдық зерттеулеріне сәйкес, әскери дайындығы бар мамандар басшылық лауазымға жиі ие болады.
Осыған орай, AIU университеті ҚР Қорғаныс министрлігі және Astana IT University-мен жасалған ынтымақтастық туралы келісім негізінде біздің студенттер AITU әскери кафедрасында білім алу мүмкіндігіне ие.
Ақпараттық кездесуде әскери кафедра өкілдері — подполковник Қайыржанов Әсет Сағындықұлы және подполковник Мұхамеджанова Шынар Сайлаухановна спикер ретінде сөз сөйлеп, студенттерге конкурстың тәртібі мен құжат тапсыру ережелерін түсіндірді. Қатысушылар іріктеудің барлық кезеңдері туралы егжей-тегжейлі мәлімет алды.
Құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 3 ақпанда Astana IT University-де басталады. Қазіргі уақытта онда 113 студентіміз, соның ішінде 5 бойжеткен “Киберқауіпсіздік”, “Топографиялық жұмыстар”, “Психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру”, “Штабтық” және тағы да басқа мамандықтар бойынша білім алуда. Университет жастардың әскери дайындығы үшін мүмкіндіктерді одан әрі кеңейтуді жалғастыра береді.







