Астана
халықаралық университеті Құрылтайының жалпы жиналыс шешімімен және Президенті
С.А. Ирсалиевтің 2026 жылғы 8 қаңтардағы №09 бұйрығымен, биология ғылымдарының
докторы, профессор Мырзағалиева Анар Базарқызы Университет ректоры
лауазымына тағайындалды.
Анар
Базарқызы — отандық ғылым мен білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосып
келе жатқан белгілі ғалым.
Бұған дейін Анар Базарқызы Астана
халықаралық университетінің Бірінші вице-президенті қызметін атқарып, жоғары
оқу орнының стратегиялық дамуына, ғылым және оқу-әдістемелік жұмысына
жетекшілік етті.
Астана
Халықаралық университеті Анар Базарқызын жаңа лауазымымен құттықтай отыра,
білім және ғылым жолында кәсіби жетістіктер тілейді!
