Astana
International University проректоры Қайрат Амангелдіұлы Абдрахмановтың
қатысуымен Елордамызда келе жатқан Көктем мерекесіне және ай күнтізбесі бойынша
Қытай халқының Жаңа жылын қарсы алуға арналған ауқымды мәдени кеш өтті. Іс-шара
Maqsut Narikbayev University базасында ұйымдастырылып, оған қытай тілі
мұғалімдері, мектеп оқушылары мен қаланың жетекші оқу орындарының студенттері
қатысты. Ғылыми-білім беру қауымдастығы үшін Көктем мерекесі мұндай ауқымда
алғаш рет өткізілді.
Кеш
бағдарламасында Astana International University базасында жұмыс істейтін Бейжің
тіл және мәдениет университеті (BLCU) Қазақстандағы филиалының студенттері
ерекше белсенділік танытты. Олар өздерінің шығармашылық қабілеттерін ғана емес,
қытай мәдениеті, дәстүрі мен тілін терең меңгергенін де көрсетті.
Бейжің
тіл және мәдениет университетінің қазақстандық тараптағы директоры Бауржан
Тілеуметов мұндай іс-шаралардың қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
Қазіргі
таңда BLCU-да 152 білім алушы Foundation бағдарламасында, ал “Қытай тілі
аудармашысы” мен “Қытай тілі оқытушысы” мамандықтары бойынша бакалавр
дәрежесінде 91 студент оқиды.
Бұл
кеш жай ғана мереке емес, мәдениет, тіл және шығармашылық арқылы халықтар
достастығы қалай орнайтынының жарқын үлгісі. Ал біздің студенттер осы
достастықтың көпірі ретінде танылады.





