AIU-да академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелге баратын студенттермен кездесу өтті

2026 ж. 3 ақп., сс, 11:20

AIU қабырғасында Жоғары мектептер мен Педагогикалық институт декандарының академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелге аттанатын студенттермен кездесуі өтті.

36 студент — болашақ мұғалімдер, аудармашылар, дипломаттар, экономистер, заңгерлер, химиктер, биологтар мен географтар — Әзірбайжан, Түркия және Польшаның жетекші серіктес жоғары оқу орындарына халықаралық академиялық тәжірибе жинақтау үшін жолға шығып барады.

Оқуға байланысты ұйымдастырушылық және академиялық мәселелерді түсіндіру мақсатында бұл кездесуді Халықаралық ынтымақтастық департаменті ұйымдастырды.

Студенттердің білімін халықаралық деңгейге көтеру —AIU-нің негізгі мақсаты. Сол үшін де университет әлемнің үздік оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, білім беру сапасын арттырып келеді.

Кездесу соңында декандар студенттерге тек сәттілік, жаңа елге тез бейімделуді, оқуда озат болуды және халықаралық деңгейде университетіміздің брендін лайықты түрде дәріптеуді тіледі.


58