Астана халықаралық университетінде франкофондық клуб ашылды

2025 ж. 18 нау., сс, 13:54

19 ақпаннан бастап Астана халықаралық университетінде француз тілін ауызша дамытуға арналған франкофондық клуб өз жұмысын бастады. Клуб кездесулері әр сәрсенбі сайын сағат 18:30-да Франция Елшілігінің өкілі мырза Колен мен "шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығының студенттерінің қатысуымен өтеді.

Клубтың мақсаты – студенттерге француз тілінде еркін сөйлеуге мүмкіндік беру, тілдік дағдыларын жетілдіру және Франция мәдениетімен жақынырақ танысу. Кездесулер барысында қатысушылар өзекті тақырыптарды талқылап, диалогтар жүргізіп, интерактивті іс-шараларға қатысады.

Француз тілі мен мәдениетіне қызығушылық танытқан барлық студенттерді франкофондық клубқа қосылуға шақырамыз!

 


571