2025
жылғы 12-18 наурыз аралығында Астана халықаралық университетінің Педагогикалық
институтында «6В01702 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша
жоғары оқу орныішілік олимпиада өтті. Олимпиада екі турдан тұрды:
🔹 I тур –
лингвистикалық тапсырмалар және көркем шығарманы әдеби талдау.
🔹 II тур – оқыту
әдістемесі бойынша тапсырма және презентация дайындау.
I
турда 15-тен жоғары балл жинаған студенттер екінші кезеңге өтіп, білімдері мен
педагогикалық дағдыларын сынады.
Олимпиаданың
қорытындысы бойынша Сериков Дулат, Исаева Камшат және Алий Бекзат ең жоғары
нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Олар М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
университетінде өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алды.
Жетекші:
аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Жаныбекова Б.Н.
Жеңімпаздарды
құттықтаймыз және республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!