Астана
Халықаралық университетінің жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің аға
оқытушылары Әуезова Нұрқұйған Сражадиновна мен Жанабаева Салтанат Аманжоловна
Астана қаласының Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицейінің
оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Астана Халықаралық
университетінің жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебі ұсынатын мүмкіндіктер
туралы айтылды.
Яғни:
-Білім беру бағдарламалары мен оқыту
бағыттары туралы айтылды;
-AIU- да оқудың артықшылықтары
туралы ақпаратпен бөлісті;
-Жұмысқа орналасу
және мансаптық өсу перспективаларын талқылады;
- Оқушылардың оқуға түсу және
студенттік өмір туралы сұрақтарына жауап берілді
Болашақ талапкерлер қызығушылық
танытып, сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Жылы қабылдағаны үшін № 85
мектеп-лицейіне рахмет айтылды.