Астаналық
халықаралық университетте Психологиялық кеңес беру кабинетінің ұйымдастыруымен
жастар арасындағы суицидтің алдын алуға бағытталған профилактикалық
интерактивті лекция-кездесу өтті.
Іс-шараның
басты тақырыбы – жасөспірімдердің психологиялық саулығын сақтау және суицидтің
алдын алу болды. Сонымен қатар, эмоцияларды басқару мен эмоционалдық
интеллектті дамыту мәселелері талқыланды.
Лекция
барысында студенттер психологиялық қиындықтарды ерте анықтау, ішкі
күйзелістермен күресу жолдары және маман көмегіне жүгінудің маңыздылығы жайлы
мағлұмат алды.
Кездесуге
Педагогикалық институттың студенттері қатысып, өз белсенділіктерін танытты.
Ашық диалог форматында өткен лекция қатысушыларға пайдалы ақпарат алып қана
қоймай, өз ойларымен және тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік берді.
Бұл
шара – университетіміздің студенттердің психологиялық саулығын қолдауға және
қауіпсіз оқу ортасын қалыптастыруға бағытталған кезекті қадамы болды.