Астаналық халықаралық
университетінде Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында «Қазақ
фольклорындағы қайырымдылық пен кедейшілік» тақырыбында оқырман
конференциясы өтті.
Шараға студенттер,
оқытушылар және қазақтың ауыз әдебиетіне қызығушылық танытқан қатысушылар
жиналды. Конференция барысында фольклорда көрініс тапқан әлеуметтік мәселелер,
қазақ мәдениетіндегі жомарттық пен қайырымдылықтың маңызы және әдеби мұраның
тәрбиелік мәні кеңінен талқыланды.
🔹
Фольклордағы терең мағына мен тәрбиелік мән
🔹 Ұлттық
құндылықтардың негізі ретіндегі жомарттық
🔹 Әдеби мұра арқылы
ұлттық болмысты тану және нығайту
Конференция интерактивті
диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, мысалдар келтіріп,
белсенді түрде пікір алмасты.
Шара студенттердің мәдени танымын кеңейтіп, қазақ халқының рухани байлығымен
тереңірек танысуына мүмкіндік берді.
Іс-шараға белсенді
қатысқан барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!