2025 жылғы 17
наурыз бен 11 сәуір аралығында Astana International University базасында
студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған мастер-кластар,
тренингтер және викторина ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында жеке бюджетті
басқару, қаржылық алаяқтықты тану, киберқауіпсіздік мәселелері және басқа да
өзекті тақырыптар қарастырылды.
Мастер-кластарға жалпы саны 446 студент қатысып,
қосымша 200-ден астам студент онлайн-оқытудан өтті. Іс-шараның соңғы кезеңі — enbek.kz платформасында
онлайн-курсты алдын ала аяқтауды талап еткен қаржылық сауаттылық бойынша
викторина болды. Студенттер тек сертификат алып
қана қоймай, командалық жұмыс дағдыларын да көрсете алды.
Жобаның басты
мақсаты – жастар арасында қаржылық жауапкершілік мәдениетін қалыптастырып,
оларды цифрлық әлемдегі ықтимал қауіптерден қорғау.
Жоғары
экономика мектебі атынан бұл маңызды бастамаға белсенді қатысқаны үшін
әріптестер мен студенттерге алғыс білдіреміз!
Жоғары
мектептер мен Педагогикалық институт атынан жобаны ұйымдастырған кураторларға А.А.
Усипбеков, Ж.Д. Сейілханов, Г.С. Каримова, А.Б. Қажығалиева, А.С. Қыдырова, А.Н. Сұлтанғазиеваға алғыс
айтамыз.
Жоғары
экономика мектебінің оқытушылары мен жобаға атсалысқан серіктес спикерлер Б.Ж.
Балтабаев, Р.К. Берстембаева, Г.И. Нұржанова, Т.М. Үсенбаев, Г.Е. Жүсіпбековаға
алғысымызды білдіреміз!