Университетімізде
наурыз-сәуір айларында жастар арасында кеңінен тараған өзекті мәселелердің бірі
- суцидтің алдын алуға байланысты Психологиялық кеңес беру орталғының психологы Елеу Венера Алашыбайқыз өткізген
кездесу-лекциялар, топтық консультациялар
ағымы болып өтті. Кездесуде психологиялық саулықты сақтау, менталды
саулықтың өмір сапасына әсері, өмір құндылығы, суицидке алып келетін мәселелер,
психикалық қиындықтарға тап болған өзіңе немесе жақыныңа қалай көмек қолын
созуға болатындығы туралы нұсқаулықтар, студент тарапынан туындаған сұрақтарға
жауап беріліп топтық кеңес жүргізілді.
Іс шараға барлық Жоғарғы мектептен
700 ге жуық 1-2 курс студенттері қатысты.